М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжі жастарымен кездесу өтті.
Біздің еліміздегі дін саласындағы өзекті мәселелердің бірі деструктивті идеологиялардың таралуы болып табылады.
Деструктивті діни ағымдар азаматтарымыздың құқықтарын бұзатын, оларға психологиялық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, зиянын тигізетін ағымдар.
Осыған орай «Auezov Jastary» ҚҚ ұйымдастыруымен М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжі жастарымен кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты - жасөспірімдерге теріс пиғылды діни ағымдардың алдын алу туралы терең түсінік беру.
Спикер дінтанушы, қари Оспанов Далелхан Қоңырбайұлы әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа қауіп төндіріп отырған ғаламдық мәселе — діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Студент жастардың бойында экстремизм мен терроризмге қарсы тұру имуннитетін дамыту, азаматтық қоғамға сай әлеуметтік мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру — басты міндеттердің бірі саналады.
Сондай-ақ жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін түсіндіру.
Кездесу барысында сала мамандары жастарға отанды сүю иманнан екенін және жастарға түрлі кереғар діни ағымдардан сақтану жолдары, тәлім-тәрбиелілік, біліктілік, ата-ананы құрметту сынды тақырыптар төңірегінде сөз қозғап жастар көкейіндегі сұрақтарына жауап алды.
#NOterrorism #NOextremism
