Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

Мемлекет басшысы салық жүйесін толық цифрландыру қажеттігін айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында еліміздің салық және бюджет жүйесін түбегейлі реформалау қажеттігін атап өтті.

Соның ішінде салық жүйесін толық цифрландыру қажеттігі айтылды. Мемлекет басшысының ойынша, бұл сала цифрлық тәсілдерді, әсіресе жасанды интеллектіні қолдану жағынан ең алдыңғы шепте болуға тиіс. "Мемлекеттік кірістер комитетінде 2000-2014 жылдары іске қосылған 14 ақпараттық жүйе бар. Олардың көбі кеңінен қолданылмайды. 2021 жылы бұл жүйелердің бәрі халықаралық қаржы ұйымдарының қолдауымен 12 жыл бойы жасалған жаңа жүйелермен алмастырылуы керек еді. Бірақ қаражат игерілгеніне қарамастан, еш нәтиже жоқ. Ведомствоның барлық ақпараттық жүйесіне тәуелсіз IТ-аудит жүргізуді тапсырамын. Жаңа Салық кодексін әзірлеумен қатар Мемлекеттік кірістер комитетінің жаңа ақпараттық архитектурасын қалыптастыру қажет", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, салық және бюджет салаларында түбегейлі реформа жүргізудің арқасында мемлекет пен бизнестің арасында жаңа қоғамдық шарт жасалмақ. Осылайша, ұлттық табысты әділ бөлудің парасатты жолы қалыптасады.

0
0
168

Осы тақырып бойынша

Мемлекет басшысы салық жүйесін толық цифрландыру қажеттігін айтты - Yvision.kz