Nur Otan съезі өтіп, онда партия жұмысының жаңа бағыттары айтылды.
Партияның Жауапты хатшысы А.Оралов қоғамды толғандырған өткір мәселелер мен партияға қатысты сыни пікірлерге талдау жасалғанын, соның негізінде партия жаңғырту жоспарын әзірлегенін айтты. Ал тиімділігін көрсеткен бұрынғы жобалар нәтижелі жұмысын жалғастырады. Мәселен, бізге белгілі қоғамдық кеңестер оңтайландырылады, яғни кейбір мәселелер ұқсастығына байланысты біріктіріледі. Республикада отырыстарын онлайн форматта өткізетін 700-ге жуық кеңес жұмыс істейді. Бұл шаралар аталған кеңес жұмысының тиімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған.
Мұндай қадамдар билік, партия және халық арасындағы жаңа диалог мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі деп ойлаймын.
