serik_kz
Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.
рейтинг
100
жазбалар
4
пікірлер
0
тіркелуші
0
жазылымдар
0
рейтинг
100
жазбалар
4
пікірлер
0
тіркелуші
0
жазылымдар
0
Съезд бағдарламасы мен тұжырымдамасы партиядағы өзгерістердің тікелей әрі айқын дәлелі.
Бұл съезде мұндай оптимистік бағыт байқалмайды. Өткеннен қорытынды жасаған партия эфирді патриотизмге толы ұрандармен емес, Тәуелсіздік ұрпағы арқылы жастар саясатының өзектілігін көрсетті. Жастар атынан сөз алған Кристина Шафикованың сөзінен партияның шын мәнінде трансформацияға бағытталғанын байқаймыз.Біріншіден, оның сөйлеген сөзі пафоссыз, съездің күн тәртібімен үндесіп жатты. Сөзінде Төраға туралы бір-екі жерде кездескенмен, олардың барлығы тікелей жұмысқа байланысты еді.Екіншіден, ол жетістіктер туралы ғана емес, жастардың проблемалары – кепілді жұмыс, қолжетімді білім мен баспана, бос уақытын лайықты өткізу мүмкіндігі туралы айтты. Спикер жастардың басым көпшілігіне таныс емес, ал білетіндері түсініксіз деп тапқан «Жастар саясаты туралы» заңның жетілдірілмегенін атап өтті.Үшіншіден…
Nur Otan съезі өтіп, онда партия жұмысының жаңа бағыттары айтылды.
Партияның Жауапты хатшысы А.Оралов қоғамды толғандырған өткір мәселелер мен партияға қатысты сыни пікірлерге талдау жасалғанын, соның негізінде партия жаңғырту жоспарын әзірлегенін айтты. Ал тиімділігін көрсеткен бұрынғы жобалар нәтижелі жұмысын жалғастырады. Мәселен, бізге белгілі қоғамдық кеңестер оңтайландырылады, яғни кейбір мәселелер ұқсастығына байланысты біріктіріледі. Республикада отырыстарын онлайн форматта өткізетін 700-ге жуық кеңес жұмыс істейді. Бұл шаралар аталған кеңес жұмысының тиімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған.
Мұндай қадамдар билік, партия және халық арасындағы жаңа диалог мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі деп ойлаймын.
Қ.Тоқаев: Қиындықтар мен сынақтарды бәріміз бірге еңсереміз
«Мен Қауіпсіздік Кеңесінің бірқатар отырысын өткіздім. Санкциялық қарсылықтың бұрын-соңды болмаған шиеленісуі жағдайында Үкіметке елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету жөнінде нақты міндеттер жүктедім. Біздің экономикамыз дағдарыс жағдайында үздіксіз жұмыс істеуді қамтамасыз ету үшін санкциялық сын-қатерлерге қарсы тұруға дайын болуы керек. Алдағы қиындықтар мен сынақтарды бәріміз бірге еңсереміз деп ойлаймын. Олардың күрделілігін бағаламауға немесе асыра көрсетуге болмайды», – деді Президент.