Президент болу - Корея үшін ең қауіпті лауазым

Корея түбегімен ата-бабаларымыз Түркі қағанаты кезінде байланыс жасапты. Кейбіреулер кәріс пен керейді байланыстарыды, жай ұқсастық деп санаймын. Дегенмен, кәріс тілі түркі тілдері сияқты Алтай тобына жатады.
Ал, негізгі тақырып, Оңтүстік Корея Президенттерінің тағдыры туралы. Бір қызығы Президент лауазымы кәрістер үшін ең қауіпті мамандық (лауазым) екен.
Мысалы, алғашқы кәріс Президенті Ли Сын Ман өз бас пайдасы үшін «коммунистерді тұқырту» деген желеумен қарсыластарын қудалауда қарсы пайдаланды. Және ол Президент лауазымында қалу үшін заңға түзетулер енгізуді ұсынған. Сөйтіп, 84 жасар Ли Сын Ман төртінші рет Президент сайлауында 100 проценттік жеңіске жетеді.
Дегенмен, оның 4 реттік басшылығына тойған халық сайлаудағы кезекті «жеңісіне» қарсы шығып, және оның аяғы көтеріліске ұласып, ақырында, ел Парламенті оны биліктен қуады.
1960 жылы Ли Сын Ман АҚШ-тың Гавай аралдарына қашып кетеді.
Әрине, екі елдің (Солтүстік Корея мен Оңтүстік Кореяның) арасындағы қантөгістің (былайша айтқанда бір ұлттың) өте ауыр болғаны сондай, тіпті, мысалы, Ли Сын Ман кезінде Чеджу аралында әскерилердің қырғынынан арал тұрғындарының саны 10 процентке азайған, яғни 14 мыңнан 30 мыңға дейін арал халқы өлтірілген. Тек 2019 жылы Оңтүстік Кореяның полиция мен әскериелері олардан кешірім сұраған.
Екінші кәріс Президенті Юн Бо Сон бүлік (путч) кезінде биліктен тайдырылған, айтқандай, Ли Сын Манды сынаушылардың бірі еді.
Кәрістің үшінші Президенті Пак Чон Хи әскери төңкеріс жасап билік басына келеді, ол «Кәріс экономикалық кереметін» жасаушылардың бірі, оның кезінде ел Солтүстік Кореядан оза бастады, дегенмен, 1979 жылғы 26 қазанда оған қастандық жасалып, содан соң қайтыс болды (өлтірілді). Айтқандай, Пак Чон Хи да билік басында үш Президенттік кезеңде болды. Оның да биліктен кетуіне көтерілістер (Пусан мен Масандағы) себеп болды. Пак Чон Хидің қызы Пак Кын Хе кейін Оңтүстік Корея Президенті болды, бірақ, ол да тура жолдан тайған еді.
Оңтүстік Кореяның төртінші Президенті Чхве Гю Ха кезінде Кванджу көтерілісі орын алды, оның әлсіздігін пайдаланып Чон Ду Хван билікті басып алды.
Кореяның Президенті лауазымын уақытша атқарған Пак Чхун Хун ғана аман кеткен сияқты, одан соң билікке келген Чон Ду Хван нағыp қанішердің өзі еді. Оның авторитарлық режимі кезінде бірнеше қарсылық акциялары болғанына қарамастан лауазымын атқарып кетті. Тек отставкаға кеткен соң Чон Ду Хванның былықтары ашылды, сыбайлас жемқорлық пен пара алушылық және билікті тартып алу баптары бойынша кінә артылып, әуелі өлім жазасына, кейін, өмір бойы түрмеге отыру жазасына кесілді. Дегенмен, оған рақымшылдық жасалды, алайда, Чон Ду Хван (өлгеннен соң) мен оның отбасы бюджетен ұрлаған 370 млн. доллар қаражатты әлі төлеп келе жатыр.
Кореяның тағы бір Президенті Ро Дэ У, яғни, елдің алтыншы Президенті Кванджудағы көтерілісті басуға белсене қатысқан, 1993 жылы сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша қамауға алынды, билікті басып алуға қатысты деген тағы айып тағылды, 1996 жылы 22 жылға (кейін 17 жылға) сотталды. Дегенмен, 1998 жылы рақымшылық жасалды.
Оңтүстік Кореяның жетінші Президенті Ким Ён Сам да сыбайлас жемқорлыққа жол берді, және жемқорлыққа оның кіші ұлының қатысы бары анықталды. Сондай-ақ, Ким Ён Самның сайлау кезінде көптеген заң бұзушылықтарға жол бергені белгілі болды. Президенттің ұлы үш жылға сотталды, алайда, оған рақымшылық жасалды.
Ал, Кореяның сегізінші Президенті Ким Дэ Чжунның елді демократияландыру жолындағы еңбегі жоғары бағаланып, Нобель сыйлығын алды.
Кореяның тоғызыншы Президенті туралы айтатын болсақ, Но Мун Хёнге 2004 жылы ел Парламенті импичмент (сенімсіздік) жариялайды, алайда Констуициялық сот бұл шешімді жояды.
2009 жылы 6 млн. доллар пара алғаны үшін айыптауға байланысты өзіне өзі қол жұмсайды.
Оныншы Президентке (Ли Мён Бак) қатысты айтатын болсақ, оның да жемқорлықпен байланысы бары анықталды, ол да миллиардтаған вон (ұлттық ақшалары) пара алғаны белгілі болды, оның ішінде, Samsung компаниясының пара бергені аян болды. Қысқаша айтқанда, 16 тармақ бойынша оған кінә тағылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Дегенмен, денсаулығына байланысты қамақтан шығарылды. Солай десек те Кореяның Жоғары соты 2020 жылғы 29 қазанда сыбайлас жемқорлық пен жымқыру үшін 17 жылдық үкімді күшінде қалдырды, сонымен бірге, 13 миллиард вон (11,4 млн. доллар) мөлшерінде айыппұл төлейтін болды және 5,78 миллиард вон (5 млн. доллар) қосымша тәркілеу жасалды. Бұрынғы Президент сот отырысынан кейін қайтадан қамауға алынды.
Коряның он бірінші Президенті – Пак Кын Хе туралы былай деуге болады: ол біріншіден, Кореяның бұрынғы Президенті Пак Чон Хидің қызы. Екіншіден, оның Президенттік өкілеттігі импичмент (сенімсіздік білдіру) жолымен тоқтатылды Сәйкесінше, Парламенттен кейін, Кореяның Конституциялық соты да импичментті қуаттады. Пак Кын Хенің өкілеттігі тоқтатылғаннан кейін қамауға алынып, оған мынадай кәнілар тағылды: сыбайлас жемқорлық, билікті теріс пайдалану, құпия ақпаратты мемлекеттік қызметкер емес өзге адамдарға беру. Сонымен ол 20 жылға сотталды және мемлекетке 20 мрлд. вон айыппұл төлеуге тиіс. 2021 жылы Кореяның қазіргі Президенті Мун Чжэ Ин Пак Кын Хеге рақымшылық жасады.
Ал, енді, оның бала күнгі құрбысына танысуға берген ақпараттың ішінде шамандардың, балгерлердің, сектанттардың және жезөкше еркектердің тізімі (айтқандай, Пак Кын Хе өмірі тұрмысқа шықпаған және баласы да болмаған) болған.
Айтқандай, бір қызығы сыбайлас жемқорлық фактісіне орай Lotte Group (корей чеболдерінің бірі) басшысы Син Дон Бин да түрмеге тоғытылды.
«Иван Васильевич меняет профессию» фильміндегі «А Вы думаете, нам царям легко, да нам за вредность молоко нужно давать» дегендей билікте отыру қай кезде оңай болмағаны белгілі.
Ал, «корей киносының» жалғасын әлі көреміз деп ойлаймын!
Суретте: Кореяның экс-Президенті Пак Кын Хе (фото Интернеттан алынды)
