Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

Әрінов Президентке атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспар туралы баяндады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновті қабылдады.
undefined
Шыңғыс Әрінов:

Төтенше жағдайлар министрлігінің атқарып жатқан жұмыстары мен алдағы жоспары жөнінде есеп берді;

Төтенше жағдайлар министрлігінің штаттық құрылымын оңтайландыру және материалдық-техникалық құралдармен жабдықталу деңгейін арттыру мәселелері туралы баяндады;

Азаматтық қорғау академиясының құрылысы, әуе авиациясы паркін жаңарту және Каспий теңізінің жағасында Ұлттық теңіз жасағын құру жұмыстары жайында айтты:

– 20 өрт сөндіру депосының құрылысы жүргізіліп жатыр, сондай-ақ елордада тез құрастырылатын өрт сөндіру депосы мен жатақхана салу жөніндегі пилоттық жоба іске қосылған;
      – министрлік әртүрлі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жедел әрекет ету шараларын жетілдіру жұмыстарын жүргізуде;

құтқару бөлімшелерін цифрландыру, кадрлық әлеуетті арттыру және азаматтық қорғау органдары қызметкерлерін әлеуметтік тұрғыдан қолдауды күшейту шаралары туралы мәлімет берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ТЖМ құрылымын жетілдіру жөнінде бірқатар нақты міндет жүктеді.

t.me/aqorda_resmi

0
0
290

Осы тақырып бойынша

Әрінов Президентке атқарылып жатқан жұмыстар мен... - Yvision.kz