Мазмұнға өту
Обложка сообщества Закон  и порядок

Рухани жаңғыру ел болашағы

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын оқыған адам үлкен әсер алады деп ойлаймын.Аталған бағдарламаның ең басты мақсатының, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. «Рухани жаңғыру бағдарламасы» негізінен тәуелсіздік алғалы бері, жұмыстар атқарылып келуде, 2004 жылғы «Мәдени мұра» және 2013 жылы «Халық – тарих толқынында» атты бағдарламалары дәлел бола алады.

Халқымыз ұлттық салт дәстүрімізден, дінімізден ажырамай, әр қадамын ойластырып әрқашанда заманның талабына сай даму үстінде болу қажет. Қазіргі таңда әр қазақстандық өз заманына лайықты білімді болуы шарт, шет тілдерін, озық технологиялар заманында сауатты болу білу керек, алайда даму жолында салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, ұлттық рухымызды бойымызда мәңгі сақтап қалуға тиіспіз.

Өсіп келе жатқан ұрпақ білімді әрдайым бірінші орынға қоюы керек. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді. Сол себепті «Болашақ» бағдар­ламасы енгізілген болатын, өте жоғары деңгей­дегі бірқатар университеттер ашылды, зият­керлік мектептер жүйесі қалыптасты. Басқа да көптеген іс тындырылды.

Тарихымызды әрқашанда еске алып жүру де мағызды, біз тарихтан сабақ ала білуіміз қажет, 20-ғасырдағы елімізде болған, экологиялық, ашаршылық сияқты апаттардың алдын ала білуміз керек.

Ең басты мәселелердің бірі Латын қарпіне көшу, жазуымызды қалыптастыруға байланысты айтылған мәселесі орынды көтерілген болатын. Мемлекет басшысы 2012 жылы желтоқсан айында жария еткен «Қазақстан – 2050» стра­тегиясында «2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін» мәлімдеген болатын. Сондықтан бұл мақаласында Үкіметке нақты тапсырма бере отырып, қай уақытта, қалай латын қарпіне өтетінімізді айтып отыр. Яғни, 2025 жылға қарай іс қағаздары, мерзімді баспасөз, оқулықтар, бәрі де латын әліпбиімен басылады деген сөз. Бұл қоғамдық ғылымдар үшін міндеттелетін үлкен шара болары анық. Әсіресе, Тіл білімі институтына үлкен жауапкершілік артып отыр. Елбасы биылғы жылдың соңына дейін қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау жөнінде, 2 жылда ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстар жүргізілетіні айтылған.

Бүгін міне, тәуелсіз елде есімізді жинап, өз жазуымызды қа­лып­тастыруымыздың сәті келген сияқты. Себебі, оң мен солы­мыз­ды әбден танып, өткеннің кемшіліктері мен жетістіктерін бойымызға сіңіріп нақты шешім жасайтын дәуірге жеттік. Сондықтан бұл – Елбасының сарабдал саясатының аясында жасалған үлкен қадам.

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотының жетекші маманы Ж.Б. Жолдыбай

0
0
112

Осы тақырып бойынша

Рухани жаңғыру ел болашағы - Yvision.kz