Бек ЖЫЛҚЫБАЕВ
Сүйікті ақынның сүйікті өлеңі
Қысқа көйлек, қысқа ғана шашы да,
Қысылмайды құшағын да ашуға.
Кiм көрiнген, жақындаған,
Ұқсайды -
Көк иттердiң қаншығы-ұрғашыға.
***
Анашасы - басын алған, шықты қыз:
- Эх, құрбым, жетi клиент..
Мықтымыз!
Күнде солай болса ғой..)
Шіркін, шіркін...
Көрiнбес ед, жоғымыз бен жұтымыз.
Жарайды.. Ертеңге қандай жоспарың?
- Ертең
...Келедi жiгiтiм, қосағым.
Ертiп келер, өзiменен достарын,
Сен де кел!. Кешкi сегiзде,
Тосамын!
***
Екеуі,
Ұйықтап алған.. Күнiмен..
Тұрды жолда,
Перiштедей түрiмен,
Күткен жігіт, көлікпенен келді тез:
Кастюм - шалбар,
Бетте - күлкі.. Гүлімен..
- Сәлем! Жаным, отырыңдар тездетiп..
..Көлiк тартты ауылға да, лездетiп,
Қыздардың iшi сезiп - жамандықты,
Қорқынышпенен қарады,
Ес кетiп:
- Жаным - дедi - қайда біздер барамыз?
- Қазiр күнім орамалды саламыз,
Қорықпа!) Қасындағы құрбыңды да,
Жан досыма, келiн етiп аламыз!
***
Жiгiттерiм! Байқаңдар-ау, байқаңдар!
Қыздардың iшiнде де-шайтан бар.
Алар болсаң, тектiсiн ал, арлысын...
Өмiр бойы өкiнiп-ақ қайтпаңдар!
