Мазмұнға өту
Обложка сообщества Политика

Съезд бағдарламасы мен тұжырымдамасы партиядағы өзгерістердің тікелей әрі айқын дәлелі.

Бұл съезде мұндай оптимистік бағыт байқалмайды. Өткеннен қорытынды жасаған партия эфирді патриотизмге толы ұрандармен емес, Тәуелсіздік ұрпағы арқылы жастар саясатының өзектілігін көрсетті. Жастар атынан сөз алған Кристина Шафикованың сөзінен партияның шын мәнінде трансформацияға бағытталғанын байқаймыз.

Біріншіден, оның сөйлеген сөзі пафоссыз, съездің күн тәртібімен үндесіп жатты. Сөзінде Төраға туралы бір-екі жерде кездескенмен, олардың барлығы тікелей жұмысқа байланысты еді.

Екіншіден, ол жетістіктер туралы ғана емес, жастардың проблемалары – кепілді жұмыс, қолжетімді білім мен баспана, бос уақытын лайықты өткізу мүмкіндігі туралы айтты. Спикер жастардың басым көпшілігіне таныс емес, ал білетіндері түсініксіз деп тапқан «Жастар саясаты туралы» заңның жетілдірілмегенін атап өтті.

Үшіншіден, енді партияның жастар қанаты қамтылмаған жастармен жұмысқа басты назар аударады.

Көзім тиіп кетпесін, бірақ бастамалары жақсы. Енді партияның жастар қанатының форумын күтемін.

0
0
292

Осы тақырып бойынша

Съезд бағдарламасы мен тұжырымдамасы партиядағы өзгерістердің тікелей әрі айқын дәлелі. - Yvision.kz