Мазмұнға өту
Обложка сообщества Шымкент жаңалықтары

Үшінші мегаполисте ғаламтор соңғы үлгідегі технологиямен қамтылып жатыр

Шымкент қаласының аумағында 5G базалық станциясы іске қосылады.

Бұл туралы шаһар әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығының ұйымдастыруымен өткен пресс-турда Шымкент қаласы цифрландыру басқармасының басшысы Мұхит Кемелов айтты.

Шымкентте интернет және мобильді байланыс желісінің сапасын арттыруда тиісті жұмыстар жалғасуда. Қала аумағындағы байланыс желісін жақсарту мақсатында соңғы технологияға негізделген базалық станцияларды орнатуға басымдық берілуде. Бүгінгде елді мекендерге «Кcell» АҚ-мен бірлесе 5G технологиясымен 126 базалық станция орнатылды. Қазір қала аумағында 5G базалық станциясының монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар желтоқсан айының алғашқы онкүндігінде аяқталып, базалық станция іске қосылады.

Қазіргі таңда Ж.Шанин атындағы драма театрының шатырында орналасқан станцияның жұмысы толығымен аяқталды. Осы аумақ тұрғындарының 5G технологиясының артықшылықтарын арнайы смартфондар арқылы тегін қолдануына болады. Қалалық цифрландыру басқармасының қызметкерлері осы бағыттағы жұмыстардың барысын жіті тексеріп, жыл соңына дейін қойылған жоспардың орындалуын басты назарда ұстайтын болады.

Шымкент қаласы цифрландыру басқармасының басшысы арнайы пресс-тур барысында Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназияға да барды. Онда Мұхит Кемелов мегаполистегі 147 білім беру ұйымының сапалы ғаламтор желісімен қамтамасыз етілгенін айтты.

Қазіргі таңда қаламыздағы білім беру мекемелерін сапалы интернет желісімен қамтамасыз ету мақсатында, жоспарға сәйкес мемлекеттік ашық конкурстары өткізілді. Бүгінде, конурс жеңімпазы анықталып, қала аумағындағы 147 мектепті 150 мбит/сек (100 мбит/сек – оқу процессі, 50 мбит/сек – камера және SOS батырмасына) төмен емес жылдамдықтағы интернет желісімен қамтамасыз етілген.

Сонымен қатар 2023 жылы 20 елді мекенді талшықты оптика желісімен қамту жұмыстары жоспарға енгізілді. Бүгінде елді мекендер тізімі бекітіліп, жыл басынан бері 16 елді мекенде тиісті жұмыстар атқарылған. Олар: Қайнарбұлақ саяжай аумағы, Нұршуақ, Бозарық саяжау аумағы, Бозарық жаңақұрылыс аумағы, Ынтымақ-1 және Ынтымақ-2, Оңтүстік ықшамаудандары, Самал-1, Кіші Самал, 112-Орам, Карл-Маркс, Тассай бөлімшесі, Тараз, Шапағат, Асар-2 және Мирас елді мекендері. Қалған 4 елді мекенге оптика желісін жүргізу үшін қажетті құрал жабдықтарды сатып алу және монтаждау жұмыстары атқарылуда. Тиісті жұмыстар жыл соңына дейін атқарылып, 316 000-ға жуық қала тұрғындарының жоғарғы жылдамдықты интернет желісіне қосылуына мүмкіндік жасалатын болды.

0
0
208

Осы тақырып бойынша

Үшінші мегаполисте ғаламтор соңғы үлгідегі технологиямен қамтылып жатыр - Yvision.kz