Мазмұнға өту
Обложка сообщества Шымкент жаңалықтары

Тұрғындарға емхананы өзі таңдау еркі берілуінің биылғы нәтижелері айтылды

Шымкентте емхананы еркін таңдау барысында миллионнан астам тұрғын 61 емханаға тіркелген.

Биылғы 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында республика бойынша жыл сайынғы емханаға тіркелу науқаны өткізілді. Оның аясында әрбір қазақстандық және ел аумағында тұратын шетелдік азаматтар емхананы өз бетінше таңдау құқығын пайдалана алады.

Бұл туралы Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бақытжан Абдуллаев Ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифинг барысында хабарлады.

«Шымкент қалалық электрондық денсаулық сақтау орталығының мәліметтеріне сәйкес, емхананы еркін таңдау барысында 1 192 939 тұлға 61 емханаға тіркелген», – деді Бақытжан Абдуллаев.

Есепті кезеңнің басында бекітілген халық саны 165 185 тұлғаны құраса, «еркін таңдау» арқылы 9 783, «көшу» себебі бойынша 2 914, «е-gov қызметі» арқылы 54 415, «аймақтық учаскінің жабылуы» себебі бойынша 1 242, «ішкі қайта бекіту» себебінен 55 330, «тіркеу науқаны» себебінен 41 501.

Сонымен қатар, 1 165 185 тұлғаның ішінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) көрсететін денсаулық сақтау объектілеріне халықтың демографиялық өсуін ескере отырып, (республикалық маңызы бар қаладағы аудандық) әкімшілік-аумақтықты сақтап, МСАК көрсететін денсаулық сақтау объектілеріне 15 минуттық қадамдық қолжетімділгі ескерілуі тиіс. Оның ішінде, 2 271 тұлға үйде қызмет көрсетуінсіз тіркелген.

Сонымен қатар, 297 қаңдас және 5421 шетелдік азамат емханаларға алғаш рет тіркелген.

Жалпы практика дәрігері мен учаскелік терапевтке бекітілген тұрғындар саны 1700 адамнан, учаскелік педиатрге 6 жасқа дейін 500 баладан, 14 жасқа дейін 900 баладан аспауы қажет.

Бекіту науқаны кезінде МСАК ұйымына бекітілген тұлғалар қормен қызметтерді сатып алу шартын жасаған уақыттан кейін, келесі жылғы 1 қаңтардан бастап медициналық қызмет алады.

Бекіту науқаны кезеңінде МСАК ұйымына еркін таңдау құқығын пайдаланбаған адам бұрын қызмет көрсетілген МСАК ұйымына бекітілген болып қалады.

Брифинг барысында енді кейбір медициналық қызметтерді қашықтан алуға болатыны да айтылды. Яғни науқастар арнайы профилді дәрігерлерден, оның ішінде қазақстандық және шетелдік ғылыми орталықтардың мамандарынан медицицналық мекемеге келмей, онлайн-режимде консультация ала алады. Оның жағдайын бақылау және ұсыныстардың орындалуын бақылау үшін дәрігер аудио немесе видео байланыс арқылы келесі кездесуді өткізеді. Қашықтан медициналық қызметтер көмектің мынадай түрлері бойынша жүзеге асырылады: дәрігерге дейінгі медициналық көмек; алғашқы медициналық-санитариялық көмек; мамандандырылған медициналық көмек; медициналық оңалту; паллиативтік медициналық көмек.

0
0
205

Осы тақырып бойынша

Тұрғындарға емхананы өзі таңдау еркі берілуінің биылғы нәтижелері айтылды - Yvision.kz