Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

Талғат Алдыбергенов: Қазақстанның темір жол көлігі транзит әлеуетін кеңейтуде

Талғат Алдыбергенов:

➤ биылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша эксплуатациялық жүк айналымы 8,6 пайызға ұлғайғанын айтты.

🟦 Транзит тасымалының көлемі 14,6 миллион тоннаға жеткен.

➤ Трансұлттық теміржол дәлізін қалыптастыру үшін 1700 шақырымнан астам жаңа желі салынып, 3 мың шақырым жол жаңғыртылып жатқаны туралы баяндады:

🟦 биыл Достық-Мойынты учаскесіндегі жолдың екінші бөлігі және Алматы бекетін айналып өтетін темір жол желісінің құрылысы аяқталады;

🟦 Дарбаза – Мақтаарал жобасын іске асыру жалғасуда;

🟦 Бақты – Аягөз және Қызылжар – Мойынты желілерінің құрылысы басталды.

➤ Терминал желілерін кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатқаны жөнінде мәлімет берді.

➤ Цифрландыру мәселесіне айрықша назар аударылатынын жеткізді:

🟦 Әлемдік деңгейдегі инновацияның көшбасшыларымен бірлесіп, теміржол көлігінің сапасын жақсарту және қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары қолға алынған;

🟦 Транскаспий халықаралық көлік дәлізіндегі транзиттік декларацияны ресімдеу уақыты 8 сағаттан 30 минутқа дейін қысқарды.

❗️ Мемлекет басшысы Қазақстанның транзит әлеуетін және экономикасын дамытуда компания үлкен рөл атқаратынын атап өтіп, көлік инфрақұрылымын оданәрі жаңғыртудың маңызына тоқталды.

t.me/aqorda_resmi

Осы тақырып бойынша

Темір жол транзиті: Қазақстанның инфрақұрылымдық серпіліс жоспары - Yvision.kz