Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

Тоқаев: "Көшке ілесетін емес, көшті бастайтын елдердің қатарында болуымыз керек"

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы Ғылым ордасында ғалымдармен кездесті.

undefined

Президент шикізатқа арқа сүйеп отырған ел алысқа бармайтынын айтты. Сондықтан елімізге ғалымдар, инженерлер, өнертапқыштар қажет. Әрі олар әлемдік бәсекеге төтеп бере алатындай білімді, білікті болуы керек.
"Бүгінде алпауыт елдердің арасында барлық салада бақталастық өршіп тұр. Біз осы күрделі кезеңде экономиканың жаңа үлгісіне көше бастадық. Әділ, инклюзивті әрі бәсекеге қабілетті экономика құруға кірістік. Ғылым мен инновация оның басты тірегі болуға тиіс.
Біз көшке ілесетін емес, көшті бастайтын елдердің қатарында болуымыз керек. Бір сөзбен, ғылыми әлеуетімізді арттыру қажет. Жалпы, осы бағытта біраз шаруа атқарылып жатыр. Мен Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында бірқатар нақты тапсырма бердім. Барлық мәселе менің тікелей бақылауымда", - деді Мемлекет басшысы.

undefined
Қасым-Жомарт Тоқаев қазір «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң жобасы Парламентте қаралып жатқанына тоқталды. Сенат оны кеше бірінші оқылымда мақұлдаған.

"Бұл – өте маңызды әрі көптен күткен құжат. Ғылымды басқару жүйесін жетілдіру керек. Ғалымдарға әлеуметтік қолдау көрсету мәселесі де өте маңызды. Сондықтан Заңда ғылыми қауымдастықтың мүддесі барынша ескерілетін болады", - деді Президент.

t.me/aqorda_resmi

0
0
652

Осы тақырып бойынша

Тоқаев: "Көшке ілесетін емес, көшті бастайтын елдердің... - Yvision.kz