Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

Тоқаевтың өкілеттік мерзімі өзгере ме?

Президенттің кеңесшісі, баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкілеттік мерзіміне қатысты жағдайды түсіндірді. Ол қазіргі мемлекет басшысының қайта сайланатыны туралы болжамның негізсіз екенін айтты.

Кеше бірқатар шетелдік ақпарат құралдары Тоқаевтың президенттік өкілеттігі 2026 жылы аяқталып, ары қарай да сайлану үшін референдум өткізіледі-міс деген әңгіме тараған болатын.

«Біздегі шынайы жағдайдан хабары жоқ кейбір журналистер арасында түсінбестік болған сияқты. Негізі, мемлекет басшысы Egemen Qazaqstan газетіне берген сұхбатында 2026 жылы Конституцияны өзгертіп, келесі сайлауға қатысу мақсатында референдум өткізуге дайындық жүріп жатыр-мыс деген әңгімені теріске шығарды. Президенттің 2022 жылы қарашада жеті жыл мерзімге сайланғаны белгілі. Конституцияға сәйкес оның өкілеттігі 2029 жылы қарашада бітеді», – деп мәлімдеді Берік Уәли.

Сондай-ақ, ол Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұрын да президент өкілеттігі мерзімін бір реттік жетіжылдық етіп белгілеуді ұсынғанын еске салды.

0
0
201

Осы тақырып бойынша