Туылған күніңмен, Геннадий!
Бүгін сәуір айының 8-і батыр ұлдарымыздың бірі Геннадий Головкиннің туылған күні!
Еліміздің бағына біткен қайсар азаматымызды туылған күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Деніне саулық, отбасына амандық, береке, бірлік тілейміз! Әрқашан Көк Туымызды желбіретіп, ҚАЗАҚСТАННЫҢ атын әлемге әйгілей беруіңізге шын жүректен тілектеспіз!

GGG туылған күнімен құттықтаған барша адамдарға ВКонтакте және Twitter әлеуметтік желісі арқылы былай деп жауап берді:
«Я горжусь, что я - Казахстанец! И любовь к стране не измерить! Я готов ее в песнях славить и словам этим твердо верить. Я горжусь, что любовь народа не имеет черты и границы, и когда сын ее год от года возвращает за это сторицей»
Естеріңізге сала кетсек, Геннадийдің келесі жекпе жегі Лос-Анджелесте 23-ші сәуір күні Доминик Уэйдпен өтетін болады. Сізге тек жеңіс пен сәттілік тілейміз!
