Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

Қытаймен арада аптасына 124 әуе рейсі қатынайтын болды

Сиань қаласында Қытай - Орталық Азия азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобының бірінші конференциясы шеңберінде (С5+1) Қазақстанның авиациялық билігі мен Қытай Халық Республикасы арасында келіссөздер жүргізілді.
undefined

Фото: egemen.kz

Еліміздің Көлік министрлігі ресми сайтының хабарлауынша, келіссөздер барысында екі мемлекеттің бекітілген тасымалдаушыларының рұқсат етілген жиіліктер санын аптасына 124 рейске дейін ұлғайту және жиіліктер бойынша қандай да бір шектеусіз жүк рейстерін орындау мүмкіндігі жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілген.
Сонымен қатар тасымалдаушылар саны артып, Қытай аумағында жаңа пунктер қосылды.
Өз кезегінде қазақстандық авиакомпаниялар Хайнань аралындағы (Санья, Хайкоу және Цюнхай қалалары) пункттрге, оның ішінде бесінші, алтыншы және жетінші "ауа еркіндігін" пайдалана отырып, шексіз рейстерді орындау құқығына ие болды.
Келіссөздер қорытындысы бойынша екі ел арасында алғаш рет "ашық аспан" режимі орнатылды, оның шеңберінде екі елдің тағайындалған тасымалдаушылары "ауа еркіндігінің" бесінші дәрежесін пайдалана отырып, аптасына 42 рейске дейін орындау құқығына ие болды.
Айта кетерлігі, Қазақстан Республикасы тасымалдаушылары "ауа еркіндігінің" бесінші дәрежесін пайдалана отырып, Қытайға рейстерді орындау құқығына ие болған әлемдегі санаулы елдердің бірі (АҚШ және бірқатар Еуропа елдері) болды.
Қытай Қазақстанның көптеген бағыттар бойынша стратегиялық серіктесі, осыған байланысты елдер арасындағы рейстерді орындау үшін құқықтық базаны кеңейту ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін маңызды қадам болып табылады.

0
0
573

Осы тақырып бойынша

Қытаймен арада аптасына 124 әуе рейсі қатынайтын болды - Yvision.kz