Жаңадан құрылған Алатау қаласының әкімі тағайындалды
Президент Әкімшілігінің және Алатау қалалық мәслихаты депутаттарының келісімі бойынша Алматы облысы әкімінің өкімімен Әркен Өтенов Алатау қаласының әкімі болып тағайындалды.

Әркен Хамитұлы 1983 жылы туған, қазақ, білімі жоғары, 2006 жылы Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін, 2010 жылы Карнеги Меллон университетін («Болашақ» бағдарламасының түлегі) бітірген. Халықаралық қатынастар маманы, мемлекеттік саясат және басқару ғылымының магистрі.
Еңбек жолын 2006 жылы «Казинвестбанк» АҚ корпоративтік клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджері болып бастаған.
Әр жылдары елдің банк саласында қызмет атқарған. Одан кейін Президент Әкімшілігінде, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде қызмет атқарған.
2019 жылғы тамыздан желтоқсанға дейін Президент Әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2019 жылғы желтоқсаннан бастап 2020 жылғы қыркүйекке дейін Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы.
2020 жылғы қазаннан 2024 жылғы 30 сәуір аралығында Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі Төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
Дипломатиялық дәрежесі - І сыныпты кеңесші.
Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
