Ақтөбеде мәдениет қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады
Достық үйінде барлық қалалық мәдениет мекемелерінің қызметкерлері шақырылған Қазақстан Республикасының мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне арналған «Өнерім – өмірім!» атты мерекелік бағдарлама өтті, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы. Стратегиялық жоспар негізінде мәдениет саласының бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру, мәдениет саласын насихаттап, дамыту, жастар саясаты бағытындағы іс-шараларды өткізу арқылы жастарды патриотизмге, отансүйгіштікке, салауатты өмір салтына тәрбиелеу, мемлекеттік тіл бағдарламасын насихаттау, көркемөнерпаздар ұжымдарының жұмысын, халықтық шығармашылығын дамыту, жетілдіру бағыттары бойынша «Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-не қарасты 20 мәдениет мекемелері жұмыс атқарып келеді: «Мерекелік бағдарламаның ұйымдастырушыла…