ҚКХП ұсынған ҚР Президенттігіне кандидат Т.Сыздықовтың Алматы және Павлодар облыстарындағы аймақтық сайлауалды штабтары өткізген іс-шаралар
Бүгін ҚКХП ұсынған ҚР Президенттігіне кандидат Т.Сыздықовтың Алматы және Павлодар облыстарындағы аймақтық сайлауалды штабтары өз жұмыстарын жалғастырды.
Талдықорған қаласында сенімді тұлғалар батыс стандарттарының теріс ықпалы туралы талқыланды.
«Батыс жастары отбасылық құндылықтар, дәстүр, бірізділік, үлкендерді құрметтеу сияқты адамгершілік қасиеттерге мүлде жат тұтынушылық стандарттармен өмір сүріп жатыр. Мұның бәрі рухани нигилизмге үндейтін ашық насихаттың салдары.
Мұндай қоғамда өмір сүретін адамдарың өмірлік қағидаттары – жалқаулық және материалдық ашкөздік, толық моральдік жауапсыздық», - деп атап өтті Алматы облыстық сайлауалды штабтың жетекшісі.
Батыс қоғамында әлеуметтің одан әрі жеткілікті өрбуі үшін тұлғаның моральдік-психологиялық дамуы мойындалмайды.
Айтылған мәселелердің бастауын ҚКХП жанұялық-туысқандық және ұлттық ерекшеліктерді ескермейтін батыс құндылықтарын кең насихатталуынан көреді.
Сонымен қатар ҚКХП кандидаты Т.Сыздықовтың бағдарламасы Павлодар қаласында талқыланды.
Шетелдік жаттанды тақырыптар БАҚ, киноөнімдер, түрлі танымал ток-шоулар және журналдар арқылы таралуда. Алғашқы болып өзінің құндылығын жанұя және неке институттары жоғалтуда.
Жанұялық өмірдің мұндай көлеңкелі жақтары өлшем және тең құқылық ретінде беріліп жат үлгілер мен өмірлік шарттарды көзсіз көшіру адамилықтан ауытқуға, жекелей енжарлыққа, азаматтық немқұрайдылыққа әкеледі.
Бүгін буындары қатып үлгермеген әлемнің барлық жастары батыстық киімдерді киеді, шетел әуендерін тыңдайды, голливудтық фильмдерді және сериалдарды көреді.
Батыс сән үлгісінің ең қауіпті көріністері - компьютерлік ойындар, фильм-блокбастерлер, сапасыз әдебиет арқылы кең таралған зорлық-зомбылық, қаталдылық культтері.
Мұның барлығы – бос уақыт өткізу емес, бұл тұтыну мәдениетінің жалпыға бірдей таралу үрдісі.
