Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ҚР Президенттігіне кандидат Тұрғын Сыздықовтың Қазақстан Республикасы Президенттігіне кезектен тыс сайлауды бақылау жөніндегі Республикалық қоғамдық комиссияның өкілдерімен кездесуі

Бүгін Астана қаласында ҚР Президенттігіне кандидат Т.Сыздықов пен Республикалық сайлауалды штабтың жетекшісі А.Қоңыров кезектен тыс сайлауды бақылау жөніндегі Республикалық қоғамдық комиссияның өкілдерімен кездесті.

Тараптар сайлауалды науқанының барысы туралы сұқбаттасты, сайлау комиссиялары жұмысында қоғамдық бақылаудың маңыздылығына тоқталды.

Т.Сыздықов комиссия өкілдеріне штаб жұмысын хабардар етті, насихат материалдарымен таныстырды, аймақтардағы шаралар және алдағы жұмыс жоспары туралы айтып берді.

Қазақстанда сайлау насихатын өткізуге барлық мүмкіндік жасалған. Сайлау науқанын жүргізу барысында аймақтық сайлау комиссиялары тарапынан берілген кеңестер мен тиімді заң талаптары, БАҚ-тың мәселелерді толықтай қамтуы, Орталық сайлау комиссиясы тарапынан дайындалған әдістемелік нұсқаулықтар – мұның барлығы сайлау науқанын қалыпты және келеңсіз өткізуге толық мүмкіндік береді – деп атап өтті кандидат.

А.Қоңыров бақылаушылардың назарына ҚКХП кандидатының үгіт насихат материалдары БАҚ-та толық жарық көріп отырғандығын жеткізді.

 

Сайлау науқаны басталғалы бері БАҚ-пен тығыз қарым-қатынастың нәтижесінде 40 жуық Интернет желілерінде біздің кандидатымыз және сайлауалды штаб туралы 100 деген материал және баспа бұқаралық ақпарат құралдарында 20-дан аса мақала жарық көрді.

Жалпы алғанда, сайлау науқаны басталғалы республикалық штабтың ұйымдастыруымен Тұрғын Сыздықовтың Қазақстанның 5 аумағында сайлаушылармен 11 кездесуі өтті.

ҚКХП кандидатының насихат автокеруені Ақмола, Солтүстік-Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Шығыс-Қазақстанда болды.

Бүгінгі күнде сайлауалды науқанға облыс орталықтарының 203 қалалық және аудандық комитет, 2000 аса бастапқы партиялық бірлестік қамтылған. Аймақтық штабтар сайлаушылармен кездесу ұйымдастыруда. Насихат жұмыстары партияның бастапқы өкілдіктерінде қолға алынған.

Кездесу соңында, қос тарап кездесу барысында ашық және пайдалы сұқбат болғандығын атап өтті.

 
0
0
298

Осы тақырып бойынша

ҚР Президенттігіне кандидат Тұрғын Сыздықовтың Қазақстан Республикасы Президенттігіне кезектен тыс сайлауды бақылау жөніндегі Республикалық қоғамдық комиссияның өкілдерімен кездесуі - Yvision.kz