Ақмола облысының индустриялы дамуы
Ақмола облысының индустриялы-инновациялық дамуы табысты өтіп жатыр. Аймақ өндірісі дамуда.
Өнеркәсіп салаларын дамыту
2011 жылдың қаңтар-желтоқсанында облыс кәсіпорындары қосалқы кәсіпорындар мен үй шаруашылығы секторларының өнімдерін қоса есептегенде, қолданыстағы 221,0 млн. теігенің тауралық өнімін өндірді.
Өнеркәсіп өндірісі құрылымында өнеркәсіптің тау-кен өндіру салаларының үлесі 12,1%, өңдеу - 72%, электрмен жабдықтау, газ жіберу, бу жіберу және ауа конденсациялау - 15,9% құрады.
Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индексі 113,3% құрады.
Сусын өндіру саласында "Көкшетау минералды сулары" АҚ мен "Натур-Продукт" ЖШС кәсіпорындарында арақ өндірісі 16,2%-ға артты.
Тоқыма бұйымдар өндірісі саласында "Киіз фабрика" ЖШС киіз және аяқ киім өндірісін 1,3 есе артуы байқалды.
Резеңке және пластмасс бұйымдарының өндірісінің саласында пластмасс құбырларының өндірісі 1, 2 есе көбірек қап және қолдорбалар Новопэк ЖШС-да жасалды.
Басқа да металды емес минералды өнімдердің өндірісінің саласында, өткен жылмен салыстырғанда жол құрылыс ұйымдарының қажеттілігінің төмендетуімен негізделген тауарлық бетонның және бетон бұйымдарының өндірісінің көлемі 3%, құрама темір бетонның құрылысының құрылымдары 18,1% төмендеген.
Таукен-металлургиялық кешенінің негізгі жүйе жасаушы кәсіпорындары "Алтынтау Көкшетау" ЖШС, "Қазақалтын" ТМК" АҚ, "Сага Крик Голд Компания" ЖШС және "Голд Ленд" ЖШС болып табылады.
Химиялық өнеркәсіп өнімдері өндiрiсiнiң саласында НКИ 456 % құрайды. Саланың сонша қарқынды өсуiне «Астана-Нан Кемикалз» ЖШС пестицидтер өндірісі ұлғаюы ықпал етті. Қуаты жылына 15 млн. литр өсімдіктерді қорғаудың химиялық заттарын өндіру зауыты жыл сайын 7 млн. литр Ресей Федерациясы және Орта Азияға: Батыс Сiбiр, Алтай өлкесі, Өзбекстан, Түрiкменстан, Тәжiкстанға шетке шығаруды жоспарлайды.
Ақмола облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары
Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу қазақстандық қамтудың мониторингіне жататын Ақмола облысының жүйе жасаушы кәсіпорындарының тізімі:
- «Степногорск подшипник зауыты» АҚ
- «Новопэк» ЖШС
- «Көкшетау минералды сулары» АҚ
- «Көкше» АҚ
- «ENKI» ЖШС
Индустриалдық-инновациялық даму
Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы ұйымдастырған және қабылданған жүйелі қолданған шаралардың нәтижесінде, бүгінгі күні индустриалдық-инновациялық дамыту бөлімінің келесі қорытындыларын белгілеуге болады.
Соңғы 2 жылда облыста инвестициялық үдерістер жандандырылды. 2010-2011 жылдар аралығында өнеркәсіптің барлық салаларына 229,6 млрд. теңге тартылды, соның ішінде 2010 жылы – 106,8 млрд. теңге, 2011 жылы – 122,7 млрд. теңге.
