Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстандағы тегін білім туралы аңыз. Қорытынды сараптама

ҚКХП Алматы қалалық комитетінің ұйымдастыруымен «Қазақстандағы тегін білім туралы аңыз» деген тақырыпта баспасөз конференциясы өтеді.

Оқу жылы басталысымен білім беру жүйесінде  қордаланып қалған, жыл сайын қайталана беретін мәселелер туындап жатыр. Бұл – мектептерді жөндеуге жинала беретін ақша, оқулық пен мектеп киіміне деген ұзын-сонар кезек және мектептердің апатты жағдайы.

Шенеуніктердің жаңа оқу жылына дайын екендігі туралы мәлімдемелері ақиқаттан алшақ болады.  ҚКХП Алматы қалалық комитеті жүргізген сараптама көптеген ата-аналар кітаптарды өз қаражаттарына сатып алуға мәжбүр екенін көрсетті. Ал аймақтарда тегін ыстық тамақ әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген отбасылардың балалары мен жетімдерге ғана беріледі.

БҒМ мәліметі бойынша, биыл кітап сатып алуға шамамен 8,3 млрд теңге бөлінді. Алайда, дәл былтырғыдай ата-аналардың басым бөлігі кітаптарды өз ақшаларына сатып алған. Сонымен қатар өткен жылғыдай  аймақтарда кітап тапшылығы сезілген.

Мектептерде тегін берілетін ыстық тамақ мәселесі де түсініксіз. БҒМ министрі Аслан Сәрінжіпов 2 млн. оқушыны тегін ыстық тамақпен қамтуға уәде берді. Білім және ғылым министрлігінің ресми мәліметі де мұны растап отыр. Бірақ шынтуайтында алшақтық бар.

Жүргізілген сараптама көптеген қазақстандық мектептерде уәде етілген тегін тамаққа оқушылардың ата-аналары 150 теңгеден бастап төлеуге мәжбүр екенін анықтады.

Бұған қоса ата-аналар да ұстаздарға теріс көзқарас танытып, кейде тіпті балалардың көзінше олар туралы ғайбат сөйлейді. Мұндай қарым-қатынас ұстаздың беделіне ғана емес, жалпы оқу үдерісіне де кері әсерін тигізеді.

Сіздерді баспасөз конференциясына қатысуға шақырамыз.

   

Өткізілу күні: 1 қазан 2014 жыл

Басталуы: сағат 12.00-де

Өтетін жері: Алматы қ., Самал-2 ықш.ауд., 58 үй, «Сәтті» бизнес центрі.

Баспасөз хатшысы: Ауельбеков Абзал: 8 (727) 333-45-90,8777 810 01 90

 
0
0
913

Осы тақырып бойынша

Қазақстандағы тегін білім туралы аңыз. Қорытынды сараптама - Yvision.kz