Өзара іс-қимыл – тиімді қызмет негізі
2023 жылғы 14 қарашада Астанада белорус этномәдени бірлестіктерінің Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Павел Владимирович Утюпинмен бірлескен ынтымақтастық мәселелері бойынша жыл сайынғы кеңейтілген кездесуі өтті Түрлі өңірлердегі этномәдени бірлестіктердің өзара іс-қимылы өзара байланысты нығайтуға, жұмыс тәжірибесімен алмасуға, бірлескен қызметті жоспарлауға бағытталған. Этностық дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды, мәдениетті, тілді сақтау негізінде қазақстандық бірегейлікті нығайту бойынша ортақ мақсатпен бас қосқан белорус этномәдени орталықтары өңірлерде белорус мәдениетінің дамуына зор үлес қосуда. Кездесуге Астана және Алматы қалаларынан, сондай-ақ Павлодар, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарынан б…

