Қапшағайда Қазақстандағы ең ірі скейт паркі ашылды
Қонаевта балаларды қорғау күнінде Қазақстандағы ең ірі скейт паркі ашылды. Скейт паркінің жалпы ауданы-9400 м2, ал алаңның өзі – 2000 м2. Саябақтың аумағы келушілердің мүдделеріне байланысты аймақтарға бөлінген: скейт алаңынан басқа вело және жаяу жүргіншілер жолы, амфитеатр, сахна-подиум бар, демалуға және серуендеуге арналған аймақтар, сондай-ақ спортпен шұғылдануға арналған алаңдар мен балалар ойын кешендері қарастырылған. «Қонаев қаласының балалары үшін басты сыйлық бүгінгі скейт паркінің ашылуы. Бұл жай ғана скейт тебуге арналған алаң емес, бұл әр түрлі жастағы тұрғындардың мүдделерін ескере отырып жасалған толыққанды кешен: ойын алаңы, аға буын өкілдерінің серуендеуге және демалуға арналған орны, спорттық іс-шараларға арналған воркаут бар», - деді облыс әкімінің орынбасары Рустам Ис…