Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Саяси репрессия құрбаны болған Қырғызстан қазақтары туралы кітап шықты

Алматы облысының Талғар ауданы Жаңалық ауылындағы Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің ұйымдастыруымен «Азалы жылдар мен азапты жолдар: тарих сабағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Онда Толебек Абдырахманов, Болотбек Абдрахманов, Жумагул Байдилдаев пен Салтанат Асекованың «Книга памяти о лицах казахской национальности и уроженцах Казахстана, репрессированных в Кыргызстане (1920-1953гг)» деп аталатын кітабының таныстырылымы болды.

И.Арабаев атындагы Қырғыз мемлекеттік университетінің доценті, тарих ғылымдарыгның кандидаты Жумагул Байдилдаевтың айтуынша, Қазақстандағы Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты былтыр «Орта Азияда репрессияланған қазақтар» деген кітап шығарған. Оның ішінде Қырғызстандағы қазақтар да бар. Олардың көбі Қырғызстанда жоғары қызметте істеген адамдар. Соның бірі – Мұсабек Таукин. Ол 1931 жылы Қырғыз АССР Орталық атқару комитетінің,1933 жылы ВКП (б) Қырғыз облыстық бақылау комиссиясы президумының мүшесі болып сайланған. Сондықтан олар 1920-1953 жылдардағы Қырғызстанда репрессия құрбандары болғандарға арналған 10 томдықтың материалдары бойынша осы еңбекті әзірлеген. Онда Бішкектегі «Ата-бейит» ұлттық тарихи-мемориалдық комплексінде жатқан 137 адамның ішіндегі қазақтардың өмірбаяндары мен суреттері және оларға қатысты ҰҚК архивдегі құпия құжаттардың көшірмелері енгізілген. Ол жалпы оқырман мен зертеушілерге арналып отыр.

– ҰҚК жас қызметкері боп жүрген кезімде 1930 жылдардағы саяси репрессия құрбандары жерленген орын туралы ақпарат алдым. Оны айтқан НКВД демалыс үйі күзетшісінің қызы, 1991 жылы сәуірде кірпіш жасайтын пеш болған жердің орнын да көрсетті. Содан кейін ҰҚК басшысынан рұқсат алып, маусымда көрсетілген жерді қаза бастадық. Қазба жұмысын видеоға да түсіріп алдық. Онда жерленген адамдарды бас сүйегі арқылы ғана санадық. 137 адамның бәрінің бас сүйегінде оқтың орны бар. Онда табылған НКВД құжаттарында марқұмдарға қатысты мәліметтердің кіріс және шығыс нөмірлері толық көрсетіліпті. Оны архивке берген кезде ондағы қызметкерлер олардың көшірмелерін тауып берді. Папкада 137 адамның аты-жөні болды. Олар 17 ұлттың өкілдері болды. 30 тамызда табылған сүйектердің бәрін қайта жерлеу рәсімі болды. Оған Голландиядан Шыңғыс Айтматов келіп бұл жерді «Ата бейит» деп атады. Ал 31 тамызда Президент Қырғыз Республикасының тәуелсіздігін жариялады. Бұл қазіргі таңда Қырғызстанда табылған 1930 жылдардағы репрессия құрбандары жерленген жалғыз орын. Бұдан басқа да қорымдардың болғаны туралы ақпарат бар, бірақ олардың нақты орны белгісіз, – деді «Ата-бейит» ұлттық тарихи-мемориалдық комплексі директорының орынбасары, тарих ғылымдарының докторы Болотбек Абдрхманов. Болатбек Жұмашұлының айтуынша, сасяи репрессия құрбандары жерленген бұл орын табылғанда үлкен сенсация болды. Жер-жерден тұрғындар ҰҚК-не біздің ата-аналарымыз қайда жерленген, оларды неге іздемейсіздер деген хаттар түсе бастайды. Соның нәтижесінде ҰҚК басшылары өзің бастадың, енді аяқта деген соң 4 жыл бойы саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жұмысымын айналысқан оны кейін басшылары жұмыс бабымен басқа жерге ауыстырады. Ал 2014 жылы бұл мәселеге қайта оралған кезде ол өзі бастаған жұмыстың ол кеткаен соң аяқсыз қалғанын біледі. Сондықтан сол уақытта ҰҚК инсттуты директоры ретінде бұл істі аяқтауға қйатадан өз басшыларынан рұқсат алады. Сол кезде архивтен 14,5 мың істі тауып, оны 3 жыл іріктеп, 1920-1953 жылдардағы репрессия құрбаны болған 17 мыңнан астам адамның тізімін жасайды. Сондай-ақ өз қаржысына Қырғызстандағы репрессия құрбандары туралы 10 томдық кітап шығарған. Енді ондағы мәліметтер негізінде қазақтарға қатысты құжаттар жеке жинақ болып шығарылыпр отыр. Алдапғы уақытта бұл еңбек «Арыс» баспасы арқылы мың данамен басылып, Қазқстан оқырманарының назарына ұсынлыатын болады.

0
0
341

Осы тақырып бойынша

Саяси репрессия құрбаны болған Қырғызстан қазақтары туралы кітап шықты - Yvision.kz