Мазмұнға өту
Обложка сообщества История

1928-32 жылдардағы аштық - ұлтқа жасалған геноцид

1928-1933 жылдардағы ашаршылықты геноцид деп жариялайтын уақыт келді. Өйткені басында қазақтың үштен бірі дедік, одан кейін тең жартысы деп жүрдік. Алайда құпиясыздандылған архив құжаттары қазақтың үштен екісі, яғни 70 пайызы нәубет құрбаны болғанын көрсетіп отыр.

Көзіңізге елестетіңізші сол кезде қазақтың саны 7,7 млн болса, ашаршылықтан кейін 2 млн-ы ғана қалған. Сондай-ақ бұл нәубеттен тек қазақ ғана емес, елдегі өзге этнос өкілдері де зардап шеккенін НКВД архиві дәлелдеп отыр. Сондықтан Парламент пен Үкімет мемлекеттік қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссия жұмысына көз жұмып қарамай, саяси шешім қабылдауын азаматтық қоғам өкілдері талап етуі керек.

0
0
465

Осы тақырып бойынша

1928-32 жылдардағы аштық - ұлтқа жасалған геноцид - Yvision.kz