Сот жүйесіндегі гендерлік саясат
Дөңгелек үстелге судьялар, сот қызметкерлері, Алматы қалалық прокурорының көмекшесі С. Төреқұл, «Медиация дамыту орталығы» ҚҰ-ның өкілі А. Наурызбаева қатысты.Іс-шара барында судья Ихласбайқызы А. «Мемлекет басшысы гендерлік саясатқа әрдайым айрықша мән беріп келеді. Елбасы қоғамдық өмірде белсенділігімен танылып жүрген ханымдармен тұрақты түрде кездесу өткізіп, олардың ел дамуына қосқан ерекше үлесін үнемі атап өтеді. Әйелдер қауымы судья, Жоғарғы Сот аппараты мен кеңселерде басшы, білікті маман ретінде қызмет атқара жүріп, еліміздің сот жүйесінің дамуына сүбелі үлестерін қосуда. Олар сот әділдігін жүзеге асыру және соттар қызметін ұйымдастыру бағытындағы жауапты қызметтерді абыроймен атқарып келеді» - деп айтты.«Медиация дамыту орталығы» ҚҰ-ның өкілі А. Наурызбаева: «Қазіргі заманғы қоғ…