Мазмұнға өту
Обложка сообщества Закон  и порядок

Ашық есік күні

Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотында, Жетісу аудандық Прокуроратурысы өкілінің қатысуымен Алматы қаласындағы жоғарғы және орта-арнайы оқу орындарындағы студенттеріне арналған Ашық есік күні өтті.

Іс–шараның аясында студенттер үшін сот ғимаратында таныстыру экскурсиясы жүргізілді. Олар сот отырысы залдарында болып, кіріс және шығыс хат–хабарларды тіркеу кеңсесінің жұмысымен, «Төрелік» ақпараттық жүйесімен және Қазақстан Республикасының Жоғары Сотының «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық жүйесінің функционалдық мүмкіндіктерімен таныстырылды. Сонымен қатар, студенттер сот мәжілісіне қатысты.

Кейін судья Н.З. Батырхан және прокуратура өкілі С. Төреқұл студенттерге сот процессін жүргізу тәртібін, іске қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін, сот ғимаратында және сот мәжілісінде өзін-өзі ұстаұ ережелерін түсіндірді.

Соңында судья Батырхан студенттердің сот жұмысы бойынша өздерін қызықтыратын сұрақтарына жауап берді.

0
0
1228

Осы тақырып бойынша

Ашық есік күні - Yvision.kz