Мазмұнға өту
Обложка сообщества Закон  и порядок

Мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп Кодексі

Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотында сот қызметкерлеріне арналған «Мемлекеттік қызметшінің этикасы мен имиджі» тақырыбы бойынша семинар өткізілді.

Семинар барысында сөз бас маман М.Т. Тохтимаметоваға берілді: ҚР Президентінің 29.12.2015 жылғы №153 санды жарлығымен «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» бекітілген. Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды.Қоғам мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өзі жүзеге асыратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны – Қазақстан Республикасына қалтқысыз әрі адал қызмет етеді деп сенеді. Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын жақтауға және оны дәйекті түрде жүзеге асыруға тиіс.

Кеңсе меңгерушісінің м.а. Д.Е. Нуркасымов: – «Мемлекеттік қызмет – ол жауапкерлік қызмет, оның басты мақсаты еліміз бен халқымызға қызмет ету. Сол себептен, әрбір мемлекеттік қызметкер өзіне жүктелген жауапкершілікті терең сезіну және қайда болса да қоғамдың моральдық-әдептілік қағидаларын сақтап, мемлекеттік қызметкердің беделіне күмән келтірмеу керек» - екенін атап өтті

0
0
1550

Осы тақырып бойынша