Алмат. областной филиал
@almatinskaya.nurotan.kz
Официальный филиал партии "Nur Otan" в Алматинской области
рейтинг
250
жазбалар
493
пікірлер
0
тіркелуші
25
жазылымдар
24
рейтинг
250
жазбалар
493
пікірлер
0
тіркелуші
25
жазылымдар
24
Алматы облысында «Nur Otan» партиясы праймеризінің дауыс беру қорытындысы жарияланды
Праймериз өткізу жөніндегі Орталық ұйымдастыру комитетінің ақпаратына сәйкес, төрт күнге созылған дауыс беруге Алматы облысынан 77 089 адам қатысты. Дауыс беруге қатысу 94,2%. Сайлаушылардың басым бөлігі, яғни 68 165 адам онлайн дауыс берді. 8924 партиялық дәстүрлі әдісті пайдаланып, сайлау учаскелеріне келді. Қағаз бюллетеньдердің барлығы партияның Орталық ұйымдастыру комитетіне жеткізіліп, расталды. Барлық мәлімет «Праймериз» ақпараттық жүйесіне толық салынып, баршаға қолжетімді болды (https://nurotan.kz және https://primaries.kz сайтында).
Праймериз қатысушысынан алғыс білдірген хат келіп түсті
Хат иесі алғыс мәтінінде төмендегідей жазған:«Аса қадірлі партияластарым! Мен Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданынан Тәуелсіз елімізде тұңғыш мәрте өткізіліп отырған партия ішілік сайлауға қатысқанымды мақтан етемін! Аудандық партия ұйымының жоғарғы дәрежеде ұйымшылдықпен өткізген жауапты іс шарасысауатты,әділ,шынайы болғанына барша әріптестерім куә болды.Аудандық Нұр Отан филиалының барша қызметкерлеріне осы доданы жауапкершілікпен өткізіп, тамаша жағдай туғызғандарына мың алғыс! Ауданның құрметті азаматы ретінде барша іріктеу додасына қатысқан үміткерлерге айтарым,барлығыңыз мен үшін жеңімпазсыздар!Әр саланың шоқтығы биік азаматтары ретінде Сіздермен біздерге сенім артқан партияластарымыз қажеттерінше дауыс берді. Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпарларымыздың анықталар сәтіде алыс емес. Ендеше е…
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Абай аманаты» атты мақаласы
Жаратушы өз мейірі түскен ерекше жанның бойына нұрлы сипат дарытып, замананың сан алуан факторлары оның қайталанбас дара болмысын сомдайды.Абай Құнанбайұлы тұлғасы да – сондай аралық кезеңнің жемісі. Ескінің соңы мен жаңаның басын жалғаған алтын көпір. Ол өмір сүрген тұста қазақ қоғамы бұрынғы хандық басқару жүйесінен біржолата қол үзіп, «өз қолынан өз ырқы кеткен» алды бұлыңғыр уақытқа тап болды; көшпенділік салттары дағдарысқа ұшырап, отырықшылық өркениет белгілері ентелеп ене бастады; баһадүр аламандықтың беті қайтып, заманауи білімге бет бұратын кез туып келе жатты.Ұлы ақын, дана ойшыл Абай ХІХ және ХХ ғасырлар тоғысындағы Ағартушылық немесе Ояну дәуірінің көшбасшысына, елдің болашақ бағдарын айқындап берген рухани темірқазығына айналды. Үлкен білімпаз Құдайберген Жұбанов Еуропа рухан…
Анығын айтты
Дәл солай!
Облыс әкімі А.Баталов Праймеризге қатысқан үміткерлермен кездесті.
Праймериз нәтижелері анықталды, «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» анықталды.
Енді праймериз нәтижелері бойынша алдағы жоспарлар қандай және басқа да мәселелер бойынша кездесуде талқыланып, праймеризге қатысқан 1047 үміткер Алғыс хатқа ие болды. Олардың бір топ қатысушыларын облыстық партия филиалының төрағасы А.Баталов табыстады.
Кездесулер барлық аудан-қалалық партия филиалдарында өткізіліп жатыр.
Саяси доданың шешуші кезеңі
Саяси додаға өңірімізден 1047 үміткер қатысып, осы уақытқа дейін жер-жерлерде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, пікір-сайыстарға ұтымды ұсыныстарын білдірді. Ендігі кезек, Жетісулық 80 мыңнан астам партияластарымыз үміткерлерімізге дауысын беріп, өз таңдауын жасамақ.
Ол үшін, 1-3 қазан күндері аралығында онлайн дауыс беру мобильді қосымша, primaries.kz веб-порталы арқылы, ал 3-ші қазан күні, сағ.08.00-ден 14.00-ге дейін дауыс беру учаскелеріне келіп, дауыс беруге мүмкіндік бар.
Жетісулық үміткерлерімізге сәттілік тілей отырып, жүзден жүйріктері ел дамуы жолында одан әрі қызмет ете беруіне тілектеспін!
Ізгі тілекпен, Жанболат Жөргенбаев
"Nur Otan" партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.
Primaries2020 сайты арқылы дауыс беру бойынша нұсқаулық назарыңызда болсын
Құрметті достар!
Дауыс беру бастапқы сәттен бастап қарқынды өтіп жатыр. Бүгін түнгі сағат 00.00-ден таңғы сағат 04.00-ге дейін «Праймериз» жүйесіне 50 мыңдай партиялық кірген. Сағат 11.00 шамасында бір мезетте 76 мыңнан аса адам қолданғаны анықталды.Техникалық мониторинг бір мезгілде дауыс беруші партиялықтар мен дауыс беру барысын бақылап отырған кандидаттардан бөлек сайтты бөгде қолданушылар да қарап отырғанын көрсетті.Мұның барлығы жүйеге артық салмақ түсірді, бұл жалпы процесті баяулатып, сұраныстардың өңдеу уақытын ұлғайтады. Қазір біздің IT-мамандарымыз техникалық іркілістерді жою, мәліметтерді өңдеу мүмкіндіктерін арттыру шараларын қолға алды.Еске сала кетейін, бұл – Қазақстанда тұтас ел көлемінде өтіп отырған тұңғыш онлайн-дауыс беру. Сондықтан жүктеменің жоғары болу ықтималдығын ескеріп, әуел бас…