Алматы облысында «Nur Otan» партиясы праймеризінің дауыс беру қорытындысы жарияланды
Праймериз өткізу жөніндегі Орталық ұйымдастыру комитетінің ақпаратына сәйкес, төрт күнге созылған дауыс беруге Алматы облысынан 77 089 адам қатысты. Дауыс беруге қатысу 94,2%. Сайлаушылардың басым бөлігі, яғни 68 165 адам онлайн дауыс берді. 8924 партиялық дәстүрлі әдісті пайдаланып, сайлау учаскелеріне келді. Қағаз бюллетеньдердің барлығы партияның Орталық ұйымдастыру комитетіне жеткізіліп, расталды. Барлық мәлімет «Праймериз» ақпараттық жүйесіне толық салынып, баршаға қолжетімді болды (https://nurotan.kz және https://primaries.kz сайтында).
