Саяси доданың шешуші кезеңі
Саяси додаға өңірімізден 1047 үміткер қатысып, осы уақытқа дейін жер-жерлерде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, пікір-сайыстарға ұтымды ұсыныстарын білдірді. Ендігі кезек, Жетісулық 80 мыңнан астам партияластарымыз үміткерлерімізге дауысын беріп, өз таңдауын жасамақ.
Ол үшін, 1-3 қазан күндері аралығында онлайн дауыс беру мобильді қосымша, primaries.kz веб-порталы арқылы, ал 3-ші қазан күні, сағ.08.00-ден 14.00-ге дейін дауыс беру учаскелеріне келіп, дауыс беруге мүмкіндік бар.
Жетісулық үміткерлерімізге сәттілік тілей отырып, жүзден жүйріктері ел дамуы жолында одан әрі қызмет ете беруіне тілектеспін!
Ізгі тілекпен, Жанболат Жөргенбаев
"Nur Otan" партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.
