Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Құрметті достар!

Дауыс беру бастапқы сәттен бастап қарқынды өтіп жатыр. Бүгін түнгі сағат 00.00-ден таңғы сағат 04.00-ге дейін «Праймериз» жүйесіне 50 мыңдай партиялық кірген. Сағат 11.00 шамасында бір мезетте 76 мыңнан аса адам қолданғаны анықталды.

Техникалық мониторинг бір мезгілде дауыс беруші партиялықтар мен дауыс беру барысын бақылап отырған кандидаттардан бөлек сайтты бөгде қолданушылар да қарап отырғанын көрсетті.

Мұның барлығы жүйеге артық салмақ түсірді, бұл жалпы процесті баяулатып, сұраныстардың өңдеу уақытын ұлғайтады. Қазір біздің IT-мамандарымыз техникалық іркілістерді жою, мәліметтерді өңдеу мүмкіндіктерін арттыру шараларын қолға алды.

Еске сала кетейін, бұл – Қазақстанда тұтас ел көлемінде өтіп отырған тұңғыш онлайн-дауыс беру.

Сондықтан жүктеменің жоғары болу ықтималдығын ескеріп, әуел бастан дауыс беруді 3 күн бойы 1 – 3 қазан аралығында, яғни бас-аяғы 62 сағат ішінде өткізу туралы шешім қабылданған болатын.

Сағат 13.00-де «Праймериз» ақпараттық жүйесінде 31 367 партиялық дауыс берді.

Құрметті праймеризге қатысушылар!

«Дауыс беру нәтижелері» бөлімінің жаңартылуы 30 минуттан 1 сағатқа дейін уақыт алады. Бұл алгоритм жүйеге түсетін жүктемені төмендету үшін енгізілген.

Талдау көптеген қолданушының жүйеде сағаттап отырғанын көрсетті. Сондықтан кандидаттардан және басқада қолданушылардан жүйеге қайта-қайта кіруді тоқтата тұрып, партиялықтардың дауыс берулеріне мүмкіндік берулерін сұраймын.

Құрметті партияластар!

Екі нәрсені ерекше атап өткім келеді.

Бірінші. Әрбір партиялықтың дауыс беру нәтижелері сақталады және сұраныстарды өңдеу барысына қарай міндетті түрде жүйеде көрсетілетін болады.

Екінші. Қорғаныс және шифрлау жүйесі қандай да бір бұрмалаушылыққа жол бермейді.

Еліміздің ең шалғай елді мекендерінің тұрғындарын қоса алғанда партияның барлық мүшесі дауыс бере алады.

Барлық мәселе дер шағында шешімін табады. Уақыт жеткілікті. Әрбір азаматтың дауысы есепке алынады!

Дауыс беру барысы туралы қосымша хабар беріп отырамын.

0
0
238

Осы тақырып бойынша

Құрметті достар! - Yvision.kz