Перейти к содержимому
almatinskaya.nurotan.kz

Алмат. областной филиал

@almatinskaya.nurotan.kz

Сайтта 2020 ж. 24 маусымКазахстан, Алматы

Официальный филиал партии "Nur Otan" в Алматинской области

рейтинг

250

жазбалар

493

пікірлер

0

тіркелуші

25

жазылымдар

24

Ғаламтордың қолжетімділігі сараланды

Себебі әр бала елдің болашағы, ертеңі. Пандемия кезінде сақтық шарасын қатаң сақтамаса болмайды. Осы себепті оқушылар алғашқы тоқсанды үйден онлайн режимде оқиды. Ол үшін әр оқушының үйінде интернет қолжетімді болуы тиіс. Жуырда «Nur Otan» партиясы Талдықорған қалалық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы «Жетісу адалдық алаңы» жобалық кесесімен бірлесіп елді мекендерді аралады. Мұндағы мақсат – шалғай ауылдардың ғаламторға қолжетімділігін саралау, интернет желісімен қамтамасыз ету мәселелерін талдау. Мониторингтік шара барысында партия өкілдері Мойнақ ауылында болды. Тұрғындармен жекелей кездесіп, интернет қолжетімділігі туралы сөйлесті. Алдағы уақытта мұндай шара жалғасын табады.

0
0
122

Үлкен үдерістің алдында тұрмыз

Замана көші күн санап ілгері кетіп барады. Біздің қоғамды ілгерілету үшін алымды, қарымды, білімді көшбасшылар тізгінді ұстауы тиіс. Nur Otan» партиясының ұйымдастырып жатқан партияішілік іріктеу механизмінің мақсаты - көшбасшыларды анықтау. . Әр Партия белсенділері Отан үшін жақсы істер атқарса- бізден мықты ел жоқ! Мен халқым үшін қашанда қызмет етуге дайынмын және елімнің игілігі үшін жасалып жатқан іс-шараларды толығымен қолдаймын. Праймериз көшбасышылары келешекте де елін қуанта берсін, еліміз тек бірлікте өмір сүріп, болашағымыз жарқын болсын. Тағы бір дәлел - осындай жаңарту іс-шараларының арқасында елде де өзгерістер болып, дамуымызға үлесін қосып жатыр, бүгінде ауқымды шаралар көбеюде. Бірлік түбі- береке демекші, бірлігіміз арта берсін, жұдырықтай жұмылып еліміздің болашағын бір…

0
0
269

Өзгерістерге үн қосамыз

. Бұл дамыған мемлекеттер де бұрыннан бар тәжірибе. Мәселен, АҚШ-та 19 ғасырдан бері қолданылып келеді. Бұдан былай біз үшін де жаңалық емес екені қуантады. Елбасының жолдауында айтылған 30 дамыған мемлекеттің қатарына ену үшін де осындай өзгерістер қажет. Ұлтының мұратын жеке көзқарасынан бірінші орынға қойып, білімі мен білігін ел мүддесіне жұмсап жүрген азаматтарымыз жетерлік. Ендігі жерде мемлекеттік қызмет пен сайланбалы лауазымдарға сондай азаматтар көптеп баруы тиіс. Партияішілік іріктеу процедурасы соған тура жол ашып тұр. Бұл жаңашылдық, бір жағынан қарапайым қазақстандықтар мүддесін жетік қорғай алатын азаматты жаңылмай таңдауға ерік берсе, екінші жағынан болашағын елге деген қызметпен байланыстыратын белсенді азаматтарға өз потенциалын толық жүзеге асыруға мүмкіндік бермек. Мен…

0
0
106

Бүгін кешке "Жетісу" телеарнасынан тамашалаңыз.

Құр тамашаламай, "Nur Otan" партиясы ұйымдастырып жатқан партияішілік іріктеу, яғни праймериз жайында толғандырған сауалдарды жолдап, көңілге қонымды жауап алыңыз. Бүгін, кешкі сағат 19:00-де төріңізде "Жетісу" арнасы қосулы болсын.

Дәрігерлерге жабдық сыйлады

Әлемді жайлаған пандемия ешкімді аяп жатқан жоқ. Шалқығанды да, шылқығанды да, қолында түгі жоқты да елеп ескермейді. Осындай шақта адамзаттың бір сыйпаты байқалады. Ол-қайырымдылық. Қайыр қылғанның Алладан алар сауабы өз алдына, адамнан алар алғысы тіптен бөлек. Қазақ әу бастан қайырыммен күнелткен халық. Жетімін жылатпау, жесірін қаңғытпау деген салт-сананың өзі сол қайырымдылықтың бір пұшпағы. Сол ата дәстүрдің ізімен, жер шарын шарлаған індетті кезде «Nur Otan» партиясы Сарқан аудандық филиалы өкілдері «Дәрігерлерге мың алғыс» акциясы аясында Ақтұма фельдшерлік-акушерлік пунктіне короновирустық инфекцияның таралуын шектейтін медициналық қорғаныс жабдықтары мен медициналық саймандар сыйға тартты. Аталмыш акцияға партия филиалы өкілдерінен бөлек ауданға қарасты Черкасск ауылдық округі,…

0
0
168

«Алты Алаштың баласы бас қосса, төр – ұстаздікі», - дейді Мағжан Жұмабаев

Міне, балалардың шамшырағын жағумен айналысатын саланың тізгінін ұстаған мен үшін елімізде, «Nur Otan» партиясында праймериздің ұйымдастырылуы – уақыт талабы, қоғам талабы. Тәуелсіз еліміздің жолында жасап жатқан еңбегімді жаңа мінберге көтеру үшін мен де праймеризге қатысамын. Бар тәжірибе мен Отанға деген сүйіспеншілігімді ұштастыра келе, аталған іріктеуден сүрінбей өтіп, еліміздегі елеулі өзгерістерге өз үлесімді қосамын деген үміттемін. Біздің мақсатымыз – ел тыныштығы, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, Жастар болашағын жарқын ету! Шынар ШАРИПБАЕВА, Қаратал ауданы, №13 орта мектептің директоры

0
0
472

Праймериз жайы талқыланды

Осы бағытта праймериз механизмін халық арасында түсіндіру жалғасын табуда. Бүгін облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары Г.Тойлыбаева skype желісі арқылы кәсіпкерлермен тілдесті. Мұндағы мақсат – елдің экономикалық әлеуетінің өркендеуіне үлесін қосып жүрген кәсіпкерлік саланың өкілдерін елдің саяси өміріне етене араласуын қамсыздандыру.

- Елдің дамуы үшін өзгеріс керек. Ал өзгеріс өзінен-өзі пайда болмайды. Оны тудыратын ісіне мығым, жаңаша көзқарастағы көшбасшылар. Праймериз өткізудің де басты міндеті осы. Білімі мен білігі бар жастарды, әр саланың майталмандарын партияның көшбасшысы ету, - деді Г.Тойлыбаева

Онлайн жүздесуге қатысқан кәсіпкерлер көкейдегі сауалдарын жолдап, көңілге қонымды жауап алды. Мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табады

0
0
146

«Мейірімділік жүректен»

Жәрдем беру, қол ұшын созу қазақтың қасиетінде бар. Баба жұрттың дәстүрі «ата көрген ұрпақ» барда жойылмайды. 23-тамызда Іле аудандық партия филиалының мәжіліс залында Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Жөргенбаев, «Іле аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Сатибаевтың қатысуымен «Мектепке жол» акциясы аясында аз қамтылған, көп балалы отбасы балаларына оқу жылына қажетті жабдықтар тарту етілді. Оның ішінде 3 бала акция аясында ноутбук пен оқу құралдарын алды. Ж.Әкебайұлы оқушыларға сәттілік тілеп, елдің болашағын жарқын ететін тұлға болып қалыптасу үшін жақсы білім алып, азаматтық жақсы қасиеттерді бойға жию керегін айтты. Осы шараның өтуіне аудандық мәслихат депутаттары – И.Шамиев, Ж.Бейсембаев, «Ақши дамуы» шаруа қожалығының жетекшісі…

0
0
179

Қағажу көргенге көмек берді

Жуырда Текелі қаласының тұрғыны Ү.Бауыржан «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы ғимаратына келіп, филиал төрағасының бірінші орынбасары Ж.Жөргенбаевқа шағымы бар хат жазып қалдырды. Хат иесінің сөзіне сенсек, С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті Алматы облысы әкімдігі тағайындаған грант негізде оқиды екен. Азаматша 2 курстың емтихандарын тапсыруда қиындықтарға тап болған. Оқытушы студентке оқу үлгірімінің төмендігін алға тартып, емтихан тапсыруға жіберілмейді. Бұл жағдайдан соң Ү.Бауыржан Алматы облыстық әкімшілікке хабарласады, әкімдіктегілер оқуды орта тұстан доғарған жағдайда 2 жыл бойы жұмсалған қаржыны қайтаратынын ескертеді. Шарасыздыққа түскен Текелі қаласының тұрғыны «Nur Otan» партиясына хат жолдайды. Әдетте қалай, Nur Otan» партиясы Алматы облыстық фи…

0
0
176