Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ғаламтордың қолжетімділігі сараланды

Себебі әр бала елдің болашағы, ертеңі. Пандемия кезінде сақтық шарасын қатаң сақтамаса болмайды. Осы себепті оқушылар алғашқы тоқсанды үйден онлайн режимде оқиды. Ол үшін әр оқушының үйінде интернет қолжетімді болуы тиіс. Жуырда «Nur Otan» партиясы Талдықорған қалалық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы «Жетісу адалдық алаңы» жобалық кесесімен бірлесіп елді мекендерді аралады. Мұндағы мақсат – шалғай ауылдардың ғаламторға қолжетімділігін саралау, интернет желісімен қамтамасыз ету мәселелерін талдау. Мониторингтік шара барысында партия өкілдері Мойнақ ауылында болды. Тұрғындармен жекелей кездесіп, интернет қолжетімділігі туралы сөйлесті. Алдағы уақытта мұндай шара жалғасын табады.

0
0
123

Осы тақырып бойынша

Ғаламтордың қолжетімділігі сараланды - Yvision.kz