Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қағажу көргенге көмек берді

Жуырда Текелі қаласының тұрғыны Ү.Бауыржан «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы ғимаратына келіп, филиал төрағасының бірінші орынбасары Ж.Жөргенбаевқа шағымы бар хат жазып қалдырды. Хат иесінің сөзіне сенсек, С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті Алматы облысы әкімдігі тағайындаған грант негізде оқиды екен. Азаматша 2 курстың емтихандарын тапсыруда қиындықтарға тап болған. Оқытушы студентке оқу үлгірімінің төмендігін алға тартып, емтихан тапсыруға жіберілмейді. Бұл жағдайдан соң Ү.Бауыржан Алматы облыстық әкімшілікке хабарласады, әкімдіктегілер оқуды орта тұстан доғарған жағдайда 2 жыл бойы жұмсалған қаржыны қайтаратынын ескертеді. Шарасыздыққа түскен Текелі қаласының тұрғыны «Nur Otan» партиясына хат жолдайды. Әдетте қалай, Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы өкілдері жан-жақты қарекет етіп, әуелі С.Асфендияров атындағы оқу орнымен байланысады. Жоғары оқу орны Ү.Бауыржанның оқуды жалғастыра алмасын алға тартады. Партия қызметшілері қолды әріге сермеп, аталмыш жағдайды баяндап Білім және ғылым министрлігімен байланысады. Жуырда Ү.Бауыржанның атына ҚР Білім және ғылым министрлігінің вице-министрі М.Дәуленбаевтан хат келді. Хатта көрсетілгендей жерлесіміз қайта емтихан тапсырып, оқуын жалғастыруға мүмкіндік алды. Елдік мүддені һәм халықтың жайын назарда ұстайтын «Nur Otan» партиясы осылайша бір азаматтың жайына болысты.

0
0
177

Осы тақырып бойынша

Қағажу көргенге көмек берді - Yvision.kz