Мазмұнға өту
altynsaryn_obzhk_qst
altynsaryn_obzhk_qst

Алтынсарин атындағы ОБЖК

@altynsaryn_obzhk_qst

Сайтта 2014 ж. 12 мамырКазахстан, Костанай

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

111

жазбалар

4 790

пікірлер

140

тіркелуші

30

жазылымдар

2

«Жануарлар әлемінде»

Бүгін кітапханаға № 24 мектептің бастауыш сынып оқушылары келді.

Оларға арнап «Жануарлар әлемінде» атты ерекше жануарлар туралы бірнеше іс- шаралар өткізілді. Сондай-ақ, балалар Антарктиданың қатал климатына бейімделген таңғажайып жануарлардың өмірі туралы қызықты ақпараттар алды. Балалар ақпаратты қызығушылықпен тыңдап, бейнебаяндарды тамашалады.

https://www.instagram.com/y.altynsarin.obzhk.qst/

https://allib.kz/kk/node/4702

___

«В мире животных»

Билиотеку сегодня посетили учащиеся начальной школы № 24. Для них было проведено несколько мероприятий посвященных животному миру. Детям было рассказано о жизни удивительных животных приспособленных к суровому климату Антарктиды. Они с интересом слушали истории и смотрели видеоролики.

https://allib.kz/ru/node/4703

0
0
470

Күй атасы - Құрманғазы

Қазақ елі өз жерінің қазына-байлығымен ғана емес, әлемді аузына қаратқан атақты талант иелерімен де белгілі. XIX ғасырдың қазақтың күй өнерінде бірінші және аса құрметті орын қазақтың ұлы күйші-композиторы Құрманғазы Сағырбайұлына тиесілі. Елді өзінің өзгеше өнерімен оятқан жасампаз күйші Құрманғазы Сағырбайұлына биыл 205 — жыл. Құрманғазы Қазақстанның музыка мәдениетінде айрықша орын алады. Ол қазақтың аспапты музыка өнерінің классигі.

0
0
659

«Жазушымен сұқбат»: бенефис

Поэзия – сөз өнерінің алтын тәжі. Поэзия - көңіл-күйдің жемісі. Поэзия адамның алай-түлей болған ішкі дүиесін бір сәтте жарқыраған күнге айдыруға қабілетті. Қостанай индустриалды педагогикалық колледжінің 1 курс студенттеріне жергілікті ақын Светлана Витальевна Маншинаның өлеңдерін тыңдап, көңіл-күйді көтеруге мүмкіндік туды. Ол өзінің шығармашылығы туралы айтты. Сондай-ақ, олар өлең оқыды. Өлеңдердің тақырыбы сезімтал әйел жанына арналған. Кездесу жылы достық жағдайда өтті, студенттер көптеген жағымды эмоциялар алды.

https://www.instagram.com/y.altynsarin.obzhk.qst/

0
0
349

«Ою өрнек»

Бүгін өнер әдебиеттер бөлімінде Ы. Алтынсарин атындағы 6-ншы сынып оқушыларымен шеберлік сабақ өтті. Бұл сабақта балаларғасырдан ғасырға ,ұрпақтан ұрпаққа келе жатқан қазақ халқының мәдени мұрасының бір бөлігі «Ою өрнек» жасап шығарды. Шеберлік сабағымыздың мақсаты: балалар қазақ халқының қолданбалы сәндік өнері туралы білімдерін кеңейтіп, оюөрнектің түрлерін атап дұрыс орналастыра білугеүйрету болды.

0
0
493

«Сыбайлас-жемқорлыққа жол жоқ»: кітап көрмесі = «STOP коррупция»: книжная выставка

Ғылыми-көпшілік әдебиет бөлімінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға арналған тұрақты кітап көрмесі жаңартылды. Осы тақырып бойынша мерзімді басылымдардан жаңа басылымдар қосумен қатар, біз сыбайлас жемқорлықтың жағымсыз жақтары туралы әңгімелейтін көркем әдебиеттер таңдауын кеңейттік. Және де сыртқы бейнесін де өзгерттік. Көрме қазіргі заманда да, өткен ғасырларда да өзекті тақырыптардың бірі болды. Кітаптар сыбайлас жемқорлық тек пара алу ғана емес, сонымен қатар қызмет бабын теріс пайдалану екенін еске салады.В отделе научно-популярной литературы обновилась постоянная книжная выставка, посвящённая противодействию коррупции. Помимо добавления новых публикаций из периодической печати на эту тему, мы расширили подборку художественной литературы, рассказывающей о вреде коррупции. И, кон…

0
0
709

Жеңіс күні құтты болсын!

Құрметті достар, осы 9 мамыр мерекесінде біз қымбатты ардагерлерімізге шын көңілден денсаулық, тіршіліктің ұзақ та жарқын, алаңсыз күндерін, жан шуағын, жақын адамдарыңыздың қамқорлығы мен ықыласын тілейміз. Мереке құтты болсын!

0
0
836

7 мамыр - Отан қорғаушылар күні!

Біз барлық әкелерді, аталарды, ұлдарды және немерелерді шын жүректен құттықтаймыз! Күн сайын ер азамат болу-бұл еңбек пен абырой! Отанымыздың тірегі болар азаматтарға мықты денсаулық тілейміз!

0
0
877

Аты аңызға айналған батыр - Қасым Қайсенов

Биыл Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 73 жыл толып отыр. Бұл тарихи оқиға бізден алыстаған сайын ұмытыла беретіні анық. Сондықтан жас ұрпаққа Отан қорғау жолында құрбан болған, ерен ерлік көрсеткен батырлар жайлы айту біздің міндетіміз. Осы мақсатта 3 мамырда №28 мектеп-гимназиясының 7 сынып оқушылары үшін партизан-жазушы, Халық қаһарманы Қасым Қайсеновтің 105 жылдығына орай «Аты аңызға айналған батыр» патриоттық сағаты өткізілді. Іс-шара барысында балаларға жалпы ҰОС туралы викториналық сұрақтар қойылды, Қ.Қайсеновтің өмірі мен шығармашылығы туралы бейне-роликтер көрсетілді, автордың біздің қорымызда бар кітаптарына шолу жасалды. Іс-шара балаларға патриоттық сезім сыйлады.

0
0
759

Дала жұлдызы - Ы. Алтынсарин: мектептер арасында батл

2 мамырда Ересек мектеп оқушылары мен жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінде «Алтынсарин кездесулері» жобасы аясында жазушы, ағартушы-ұстаз Ы. Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына арналған «Дала жұлдызы» мектептер арасында батлойынының 1кезеңі өткізілді. Білімсайысы алаңында қаламыздың№15мен №17жалпы білім беретін мектептерікездесті. Ойын 6 кезеңнен тұрды. Ойын барысында қатысушылар ұлт ұстазының шығармашылығына, өміріне қатысты сұрақтарға жауап берді, әңгімелеріментанысып, Ы. Алтынсариннің авторлық жұмбақтарын шешті.

Сайыс қорытындысы бойынша №17жалпы білім беретін мектебіжеңіске жетті. Оқушыларды ойынға дайындап, серіктестікке көмек көрсеткен мұғалімдер де алғыс хатпен марапатталды. Зияткерлік ойын оқушылардың да, ұстаздардың да көңілінен шықты.

0
0
764

«Жанданған күнтізбе: 2023 жылдың мерейтойлары»

Сұлтан Қалиев 1943 жылы 1 мамырда Жамбыл облысында дүниеге келген. Еңбек жолын Жамбыл облысы Шу ауданының 8 жылдық мектебіне мұғалім болудан бастаған. «Балдырған» журналының жауапты хатшысы, 1991 жылдан зейнеткерлік демалысқа шыққанға дейін «Ұлан» газетінің бас редакторы болды. Балаларға арнап жазған көптеген әңгімелері, өлеңдері бар.

0
0
845