«Жазушымен сұқбат»: бенефис
Поэзия – сөз өнерінің алтын тәжі. Поэзия - көңіл-күйдің жемісі. Поэзия адамның алай-түлей болған ішкі дүиесін бір сәтте жарқыраған күнге айдыруға қабілетті. Қостанай индустриалды педагогикалық колледжінің 1 курс студенттеріне жергілікті ақын Светлана Витальевна Маншинаның өлеңдерін тыңдап, көңіл-күйді көтеруге мүмкіндік туды. Ол өзінің шығармашылығы туралы айтты. Сондай-ақ, олар өлең оқыды. Өлеңдердің тақырыбы сезімтал әйел жанына арналған. Кездесу жылы достық жағдайда өтті, студенттер көптеген жағымды эмоциялар алды.

https://www.instagram.com/y.altynsarin.obzhk.qst/
