Челябинск — Қостанай телекөпірі түріндегі орыс тілі мен әдебиеті білгірлерінің турнирі
Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде 2023 жылғы 20 ақпанда Ресей Федерациясы, Челябинск қаласының Маяковский атындағы балалар кітапханасымен бірлесіп «Орыс тілі мен әдебиеті білгірлерінің турнирі» онлайн-ойыны өткізілді.Бұл ойынның басты мақсаты көрші мемлекеттердің құрдастары арасында достық және серіктестік қарым-қатынас орнату болды.Біздің қаламыздың және кітапханамыздың намысын № 7 мектептің оқушылары мен орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сатубалдина Валентина Сансызбаевна қорғады. Жас полиглоттар «Шындық немесе өтірік», «Фразеологизмдер», «Мақал-мәтелдер», «Әдеби дауыл» сияқты байқауларда эрудиция мен тапқырлық танытты. Балалар қолшатыр сөзінің голланд тілінен шыққанын, А.С.Пушкин «Салтан патша туралы» ертегісінде «флот» шетел сөзін қолданғанын және т.б. көптеген жаңа нәрселерд…








