Бокейординский филиал
@bokeyorda.nurotan.kz
Официальный филиал партии "AMANAT" Бокейординского района Западно-Казахстанской области
рейтинг
250
жазбалар
888
пікірлер
0
тіркелуші
11
жазылу
1
рейтинг
250
жазбалар
888
пікірлер
0
тіркелуші
11
жазылу
1
Мемлекет басшысы ұлтты ұйыстыратын жеті қағиданы айқындады
Мемлекет басшысы ұлтты ұйыстыратын жеті қағиданы айқындады:
Бірінші. Тәуелсіздік бәрінен қымбат.
Екінші. Елдіктің негізі – жеріміздің тұтастығы.
Үшінші. Мемлекет мүддесі – қастерлі құндылық.
Төртінші. Рухани үндестік – бірліктің бастауы.
Бесінші. Заңдылық пен тәртіп – өркениетті ел болудың кепілі.
Алтыншы. Жасампаздық – жаңару мен жаңғыру жолы.
Жетінші. Достық пейіл, мейірімділік және жанашырлық – ең асыл қасиеттер.
«AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIV Съезі өтті
📷«AMANAT» партиясы Президенттікке Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсындыАстанада «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIV Съезі өтті. Іс-шараға 1200-ден астам адам қатысты. Олардың қатарында Саяси кеңестің мүшелері, Парламент депутаттары, өңірлерден келген делегаттар, сондай-ақ сарапшылар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және т. б. болды.Күн тәртібіне сәйкес, бірінші кезекте алдағы президент сайлауына партиядан кандидат ұсыну мәселесі қаралды.📷Өз сөзінде, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов AMANAT партиясының атынан Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды.📷«Қазіргі әлемдегі күрделі жағдайда, алмағайып уақытта бізге ең әуелі мемлекеттік жауапкершілікті терең сезінетін тегеурінді Тұлға керек. Ауқымды өзгерістер өзінің заңды жалғасын табуы тиіс. Ал мемлекет алдында тұр…
«AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIV Съезі 6 қазанда өтеді
«AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов кезектен тыс XXIV Съезді 6 қазанға Астана қаласына шақыру туралы Қаулыға қол қойды.
Съезд жұмысына еліміздің барлық аймағынан делегаттар қатысады. Орталық аппарат өңірлік филиалдармен бірге дайындық іс-шараларын қолға алды.
#AMANAT
Кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті Жарлыққа қол қойды.
«Мен бұған дейін айтылған сайлаудың мерзіміне және Ата заңның талаптарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын 2022 жылғы 20 қарашада өткізу туралы Жарлыққа қол қойдым.
Осы науқан елдің бүкіл саяси жүйесін түбегейлі өзгертетін сайлау кезеңін бастап береді. Сол арқылы экономиканы тұрақты дамытуды, халықтың әл-ауқатын арттырып, тұрмыс сапасын жақсартуды көздейтін ұзақ мерзімді міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік туады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеуінде.
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған«Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауы
«Республика күні» ұлттық мереке аясындаАхмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған«Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауы туралыЕРЕЖЕ1. Жалпы ережелер1.«AMANAT» партиясы«Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауын (бұдан әрі –байқау)«AMANAT» партиясы мен Қазақстан Жазушылар одағы арасындағы Өзара ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыру аясында өткізеді.2. Осы Ереже байқауды өткізу мақсаты мен міндеттерінжәне тәртібін айқындайды.3. Байқаудың мақсаты –Республика күні қарсаңында Тәуелсіз Қазақстанның жеткен жетістіктерін кеңінен дәріптеу. Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы аясында ұлттық және рухани құндылықтарды паш ететін бүгінгі отандық авторлардың шығармаларын қолдау және насихаттау.4. Тақырыптық ұсыныстар:Өз шығармаларында қоғамды жаңғырту мен дамыту үдерістерін бейнелейтін…
ҚР Президенті Қ.Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
📷 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды 📷Жолдаудың негізгі бөлігі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналады.
«Мектепке жол» республикалық акциясы
«Мектепке жол» республикалық акциясы аясында биыл «Баланы мектепке даярлайық!» атты ұранмен жалғасуда. Акцияның мақсаты: жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсетіп, баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу және жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады.
«Баланы мектепке даярлайық!» акция аясында "AMANAT" партиясы көпбалалы отбасыларға көмек көрсетіп, мектеп сумкасы мен оқу құралдарын табыс етті.
#МектепкеЖол
#БалаларЖылы
Фракция отырысы өтті.
«AMANAT» партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалының
фракция отырысы өтті. Фракция отырысының күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралады:
1) Аудандағы білім беру бөліміне қарасты мектептердің күрделі жөнделуі және салу барысы
2) Аудан шаруаларының және АЗС жүйелерінің жанар-жағармаймен қамтамасыз етілуі
3) Азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру жөніндегі шаралар туралы
Отырыс соңында күн тәртібіне сай қаулы қабылданды.
Қоғамдық қабылдау
Бөкей Ордасы ауданының мәслихат депутаты, «АMANAT» партиясының мүшесі Махимов Ғайса Темірболатұлы Хан Ордасы ауылының тұрғыны Сиражева Қарлығаны қабылдады. Қоғамдық қабылдауға жұмыс сұрап келген Қ.Сиражеваға Бөкей Ордасы ауданының халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен Хан Ордасы музей-қорығына уақытша аула тазалаушы жұмысына алынды.