Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті Жарлыққа қол қойды.

«Мен бұған дейін айтылған сайлаудың мерзіміне және Ата заңның талаптарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын 2022 жылғы 20 қарашада өткізу туралы Жарлыққа қол қойдым.

Осы науқан елдің бүкіл саяси жүйесін түбегейлі өзгертетін сайлау кезеңін бастап береді. Сол арқылы экономиканы тұрақты дамытуды, халықтың әл-ауқатын арттырып, тұрмыс сапасын жақсартуды көздейтін ұзақ мерзімді міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік туады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеуінде.

0
0
218

Осы тақырып бойынша

Кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді - Yvision.kz