Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIV Съезі өтті

📷«AMANAT» партиясы Президенттікке Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды

Астанада «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIV Съезі өтті. Іс-шараға 1200-ден астам адам қатысты. Олардың қатарында Саяси кеңестің мүшелері, Парламент депутаттары, өңірлерден келген делегаттар, сондай-ақ сарапшылар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және т. б. болды.

Күн тәртібіне сәйкес, бірінші кезекте алдағы президент сайлауына партиядан кандидат ұсыну мәселесі қаралды.

📷Өз сөзінде, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов AMANAT партиясының атынан Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды.

📷«Қазіргі әлемдегі күрделі жағдайда, алмағайып уақытта бізге ең әуелі мемлекеттік жауапкершілікті терең сезінетін тегеурінді Тұлға керек. Ауқымды өзгерістер өзінің заңды жалғасын табуы тиіс. Ал мемлекет алдында тұрған ұлы мақсат-мұраттарға қол жеткізу үшін бізге лайықты көшбасшы керек. Сондықтан, Президенттікке үміткер ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты ұсынамын!», – деді Ерлан Қошанов.

0
0
122

Осы тақырып бойынша

«AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIV Съезі өтті - Yvision.kz