Перейти к содержимому
bokeyorda.nurotan.kz

Бокейординский филиал

@bokeyorda.nurotan.kz

Сайтта 2020 ж. 22 қыркүйекКазахстан

Официальный филиал партии "AMANAT" Бокейординского района Западно-Казахстанской области

рейтинг

250

жазбалар

888

пікірлер

0

тіркелуші

11

жазылу

1

1 наурыз - «Nur Otan» партиясы күні

1 наурыз - Партия күніне орай «Nur Otan» партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалында, аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Аққалиев және аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Тлеген Арстанбековтың қатысуымен салтанатты шара өткізілді. Шара барысында М.Аққалиев барша қатысушыларды бүгінгі Партия күнімен және де Алғыс айту күнімен құттықтап, партия күніне орай жаңадан қабылданған жастарға партиялық билеттерін табыстады.

Сонымен қатар, Т.Арстанбеков барша партияластарды бүгінгі мерекемен құттықтай отырып, жас мамандарға жұмыстарына сәттілік тіледі.

0
0
151

«Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының кезекті отырысы өтті

Бөкей ордасы аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының кезекті отырысы өткізілді. Отырысқа аудандық мәслихат хатшысы Лариса Қайырғалиева және фракция мүшелері қатысты.Күн тәртібінде:1. 2021 жылы Бөкей ордасы ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік саласындағы мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы.2. Аудан бойынша елді мекендердің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы туралы мәселелер қаралды.Отырыс барысында күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Раушан Абдуллина жыл басынан “Дипломмен ауылға” бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстар турал…

0
0
112

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті

Аудандық мәслихат хатшысы Лариса Қайырғалиеваның төрағалығымен «Nur Otan» партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өткізілді. Отырысқа аудандық мәслихат депутаты Исатай Құрмашев және кеңес мүшелері оффлайн, онлайн форматта қатысты.

Күн тәртібінде:

1. Сайқын ауылдық округі аппаратында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша атқарылып жатырған жұмыстар туралы мәселе қаралды.

Аталмыш жиын барысында күн тәртібіндегі мәселе бойынша Сайқын ауылдық округі әкімі Нұргүл Умарова Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша атқарылып жатырған жұмыстар туралы айтып, бірқатар жұмыстарға тоқталып өтті.

Сонымен қатар, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар талқыланып, негізге алынды.

Саяси Кеңес Бюросының отырысы өткізілді.

Бүгін, «Nur Otan» партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалында Саяси кеңесі Бюросының кезекті отырысы өткізілді.Күн тәртібінде:1.«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының іс-шаралар жоспарын бекіту туралы.2. «Nur Otan» партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалы фракциясының 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын мақұлдау туралы мәселелері қаралды.Бірінші мәселе бойынша «Nur Otan» партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Аққалиев ауданымыздың сайлауалды бағдарламасындағы көрсетілген бағыттарына тоқталып, Жол картасы бойынша жасақталған іс-шараларды түсіндіріп, орындалу барысымен бюро мүшелеріне таныстырды.Екінші мәселе бойынша, фракция жетекшісі И.Құрмашев 2021 жылғы жұмыс жоспарымен таныстырып,бекітуді ұсынды.Жиын соңында күн тәртібіндегі екі мәселе бойынша қау…

1
0
109

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің бірінші отырысы өтті

Бүгін, «Nur Otan» партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің бірінші отырысы өткізілді.

Жиын барысында күн тәртібіндегі мәселе бойынша кеңес төрайымы, аудандық мәслихат хатшысы Лариса Қайырғалиева "Nur Otan" партиясы аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын кеңес мүшелеріне таныстырып, бірауыздан бекітті.

Сонымен қатар, мекеме басшыларына бекітілген жұмыс жоспарын мерзімінде орындау тапсырылды.

0
0
112

"Nur Otan" партиясының көшбасшысы Елбасы, Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғыс хатын табыстау рәсімі өтті

📷Бөкей ордасы ауданында "Nur Otan" партиясының көшбасшысы Елбасы, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Алғыс хаттарын салтанатты түрде табыстау рәсімі өткізілді.

📷“Nur Otan” партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мейрамбек Аққалиев сайлауалды штаб мүшелеріне, депутаттарға, партияның кадр резервіне енген кандидаттарға, белсенді жастарға Елбасының Алғыс хаттарын табыс етті.

📷 Сонымен қатар, партияның жеңісі жолында, бірлесіп атқарған жұмыстар үшін барша жиналғандарға алғысын білдірді!

0
0
153

Аудандық мәслихаттың VII шақырылымдағы бірінші ұйымдастыру сессиясы өтті.

Аудандық мәслихаттың VII шақырылымдағы бірінші ұйымдастыру сессиясы өтті.

📷Аудандық мәслихат депутаты Ғайса Махимовтың төрағалығымен өткен сессия жиынында:

📷2021 жылғы 10 қаңтарда өткен аудандық мәслихат депутаттарын сайлау қорытындысы;

📷Аудандық мәслихатты ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

📷 Сайлау қорытындысы туралы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бағдат Лұқпанов баяндап, партиялық тізімдер бойынша 11 депутаттық мандат бөлінгенін айтты.

📷тоғыз мандат «Nur Otan» партиясынан;

📷 екі мандат «Ауыл» партиясынан бөлінген.

📷 11 депутатқа төс белгі және куәліктері табысталды.

0
0
131