Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті

Аудандық мәслихат хатшысы Лариса Қайырғалиеваның төрағалығымен «Nur Otan» партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өткізілді. Отырысқа аудандық мәслихат депутаты Исатай Құрмашев және кеңес мүшелері оффлайн, онлайн форматта қатысты.

Күн тәртібінде:

1. Сайқын ауылдық округі аппаратында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша атқарылып жатырған жұмыстар туралы мәселе қаралды.

Аталмыш жиын барысында күн тәртібіндегі мәселе бойынша Сайқын ауылдық округі әкімі Нұргүл Умарова Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша атқарылып жатырған жұмыстар туралы айтып, бірқатар жұмыстарға тоқталып өтті.

Сонымен қатар, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар талқыланып, негізге алынды.

Осы тақырып бойынша

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті - Yvision.kz