Саяси Кеңес Бюросының отырысы өткізілді.
Бүгін, «Nur Otan» партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалында Саяси кеңесі Бюросының кезекті отырысы өткізілді.
Күн тәртібінде:
1.«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының іс-шаралар жоспарын бекіту туралы.
2. «Nur Otan» партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалы фракциясының 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын мақұлдау туралы мәселелері қаралды.
Бірінші мәселе бойынша «Nur Otan» партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Аққалиев ауданымыздың сайлауалды бағдарламасындағы көрсетілген бағыттарына тоқталып, Жол картасы бойынша жасақталған іс-шараларды түсіндіріп, орындалу барысымен бюро мүшелеріне таныстырды.
Екінші мәселе бойынша, фракция жетекшісі И.Құрмашев 2021 жылғы жұмыс жоспарымен таныстырып,бекітуді ұсынды.
Жиын соңында күн тәртібіндегі екі мәселе бойынша қаулы қабылданып, бекітілді.
