Мазмұнға өту
mudin

Динара Мухтар

@mudin

Сайтта 2016 ж. 11 наурызКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

26

пікірлер

3

тіркелуші

3

жазылымдар

5

Біржан мен Сара айтысы-тарихта мәңгі қалған айтыс

Қазіргі таңда айтыстың өз дәмін жоғалтқанын байқаймыз. Жаттап алынған сөздер, алдын ала дайындалған көрініс. Ертеректе қалай болды? Айтыстың оттай жанған кезі қандай еді? Сол отты жандырған Біржан мен Сара айтыстарының астын сызып өтпесек болмайды. Біржан мен Сара айтысы — айтыс өнерінің тарихында қалған ерекше айтыстардың бірі. Біржан Қожағұлұлы мен Сара Тастанбекқызы арасында өткен айтыс 1871 ж. қазіргі Алматы облысының Қапал-Ақсу өңірінде болды. Бұл айтысты ең алғаш 1898 жылы қазанда “Қисса Біржан сал менен Сара қыздың айтысқаны” деген атпен Жүсіпбек қожа Шайхисламұлы жариялады. Айтыстан үзінді: Біржан: Қызы екен Тастанбектің ақын Сара Бәйгеден күнде келген жалғыз қара. Қыз да болса адамның жүйрігі екен, Көрмедік сөзді адамды жеке-дара. Қызы екен ақын Сара Тастанбектің, Жақыны найман Т…

3
0
10373

Тағы бір биік асқар тау!

Қазағымда қанша биік асқар тау бар? Сан жетпес. Сол биік шындарымыздың бірі-Әбу Сәрсенбаев жайлы не білесіздер? Шығармашылығымен таныссыздар ма? Егер жоқ болса, мен баяндап берейін. Қазанның 15-ші жұлдызында 1905 жылы Атырау облысы Құрманғазы (Теңіз) ауданы, Мақаш ауылдық округінің Алға ауылында дүниеге келген. 1929 жылы Астрахань кеңеспартия мектебін бітіріп, 1932-1934 жылдары Алматыдағы Комвузда оқыған. Кейіннен 1934-1936 жылдары «Түрксіб» газетінде редактор, 1936-1942 жылдары Қазақтың мемлекеттік баспасын басқарды. 1942-1947 жылдары Кеңес Әскері қатарында қызмет етіп, Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1947-1953 жылдар аралығында Қазақтың мемлекеттік оқу-педагогикалық баспасының директоры болды. Өнерге деген махаббаты 30-шы жылдары байқалғанға ұқсайды. «Еділ толқыны» (1937), «Жүрек сыйы» (193…

2
0
3053

Деніміз сау тұрғанда, жанымыз да сау болмақ!

Университетімде "Қазақстан тарихы" пәнінен беретін ұстазымның өз денсаулығына үлкен көңіл бөлетініне таңданамын. Үлкен қоңырауда сөмкесінен контейнерін, термосын алып күш жинап алады. Сабаққа үлкен сөмкесімен келеді. Айтуы бойынша оның ішіне жұмысынан кейін жаттығуға баратын киімін нақтырақ айтқанда джиу-джитсу спортында киетін формасын салып алады екен. Студенттеріне де беретін кеңесі: спортмен шұғылдану, темекі шекпеу, арақ ішпеу. Осы кісіге қарап тұрып-ақ денсаулығының оның өмірінде ойнайтын үлкен рөлін әу бастан-ақ түсінгенін білуге болады. Қазағым да денсаулықтың маңызын түсініп көптеген мақал-мәтелдер шығарған. Әр мақал-мәтелдің астарында жатқан үлкен мағына бар. Әуелгі байлық — ден саулық, Екінші байлық — он саулық, Үшінші байлық — ақ жаулық. Денсаулық — зор байлық. Жарлының байлығ…

2
0
454

Соғыстан аман оралған ата-апаларымыз қайда екен?

Кішкентай кезімде атамның ерке қызы болып өстім. Ол кісінің әкесі туралы еш нәрсе білмейтінмін. Әкем осыдан бірнеше жыл бұрын өз атасы жайлы үлкен мақтанышпен айтып берген болатын. Әкемнің атасы-Қазақбай сол сұрапыл соғыста өз Отанын қорғап жүріп қайтыс болыпты. Әкемнің әңгімесін тыңдап отырып: "Сол соғыстан аман келген ата-апаларымыз қайда екен? Оларды тапсам қалай болады?" деп ойладым. Мектепке келсем, сынып жетекшім соғыстан аман келген батыр-атаның үйіне баратынымызды айтты. Қуанышымда шек болмады! Атаны көру үшін асығып, қобалжып жүрдім. Үйіне келсек онда ешкім жоқ. Көңіліме су сепкендей болды. Ұзақ күттік. Балалар у-шу болып, мазалары кетіп абыр-сабыр болды. Жетекшім "Келесі күні келерміз" деп балаларды алып кері қайтуға ыңғайлана бастады. Менің кеткім келмеді. Батыр-атаны бір көріп…

5
1
641

Наурызға дайындық қалай жүріп жатыр?

Ежелгі заманнан бері жалғасып келе жатқан Наурыз мейрамын Қазақ елі ерекше қылып тойлайтын. Күн мен түннің теңесетін кезін күтетін халық мерекеге қызу дайындалатын еді. Наурыз дегенде киіз үй, алтыбақан, Наурыз көже, құрт, бауырсақ дайын тұрады. Менің тізгенім басы ғана. Қазақ халқының одан да көп байлықтары барын мен айтпасам да жақсы білесіздер. Бұл мейрамды тойлауға әлі алты күндей уақыт болғанымен, қалада Наурыз туралы бірде-бір ақпарат көргенім жоқ. Сондай сәттерде өзімді "Сайлаудың әсерінен бәрі мереке жайлы ұмытып кеткен шығар" деп жұбатып қоямын. Қарап тұрсам, 31-ші желтоқсанда тойланатын Жаңа Жылға бір ай бұрын қызу дайындық жүреді. Барлық жерге "Жаңа Жылдарыңызбен!", "2016 жыл" деген жазуларды көресің. Адамдар шыршаларды орнатып, мекемелерін әшекейлермен безендіріп абыр-сабыр бо…

3
0
1817

Намысқа тиер жағдай, еліктеу қалмас оңай!

Қазіргі таңда әншілеріміздің микрофонды қолдарына қылтитып ұстап, бір орында қақиып тұрғанын сирек кездестіретін болдық. Заман өзгерісіне байланысты, сұраныс та өзгерген. Бүгінде адамдардың көңілінен шығу расында қиын-ақ. Соған байланысты шоу-бизнес өкілдері жаппай жаңа бағыт іздеуге кірісті. "Бұл ізденіс неге алып келді?" десеңіз, жауабым: "Тығырыққа". Орда тобының мүшесі Ерболат Беделханның жақында сахынаға шығарған "Ninety One" тобын көрген шығарсыз? Қандай ойда болдыңыз? Қазақтың қара домалақ балаларының корей "жігіттеріне" еліктегені дұрыс па? Құлақтарына таққан сырғадан бастап сөйлеген сөздеріне, қылықтарына дейін корейлер секілді. Шынымды айтсам, өз басым бұл мемлекетке қатты қызығамын. Киноларын, бағдарламаларын үлкен қызығушылық тудыратындай, тәрбиелік мәні бар, мағынасы жүрекке…

2
0
681