Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Наурызға дайындық қалай жүріп жатыр?

Ежелгі заманнан бері жалғасып келе жатқан Наурыз мейрамын Қазақ елі ерекше қылып тойлайтын. Күн мен түннің теңесетін кезін күтетін халық мерекеге қызу дайындалатын еді. Наурыз дегенде киіз үй, алтыбақан, Наурыз көже, құрт, бауырсақ дайын тұрады. Менің тізгенім басы ғана. Қазақ халқының одан да көп байлықтары барын мен айтпасам да жақсы білесіздер.

Бұл мейрамды тойлауға әлі алты күндей уақыт болғанымен, қалада Наурыз туралы бірде-бір ақпарат көргенім жоқ. Сондай сәттерде өзімді "Сайлаудың әсерінен бәрі мереке жайлы ұмытып кеткен шығар" деп жұбатып қоямын. Қарап тұрсам, 31-ші желтоқсанда тойланатын Жаңа Жылға бір ай бұрын қызу дайындық жүреді. Барлық жерге "Жаңа Жылдарыңызбен!", "2016 жыл" деген жазуларды көресің. Адамдар шыршаларды орнатып, мекемелерін әшекейлермен безендіріп абыр-сабыр болып жүреді. Бірақ олардың біреуі 16 желтоқсанның бар екені жайлы ойламайды. Сонда ағаларымыз, әкелеріміз сол күні тәуелсіздік үшін сонша қиналып күрескенін біз осылай ұмытып кете саламыз ба? Төгілген қанды, шеккен азапты Жаңа Жылмен жаба салғанымыз ба?

Қарапайым "Наурыз мейрамы құтты болсын!" деген жазуды әлі көрген жоқпын. Бұл ненің әсері болуы мүмкін? Әлде баннер шығаруға да ақша "жетпей" жатыр ма? Қазақтың Жаңа Жылы туралы келешек ұрпақ тек кітаптан оқып отырмаса болғаны. Өз тарихымызды өзіміз өшіріп алмайық!

3
0
1818

Осы тақырып бойынша

Наурызға дайындық қалай жүріп жатыр? - Yvision.kz