Халық мемлекетке, мемлекет шетелге қарыз...
2015 жылдың III тоқсанындағы деректер бойынша Қазақстанның сыртқы қарызы 155,57 миллиард долларды құрапты. Бұл қарыздардың басым бөлігі Нидерландыға тиесілі екен. Бұл туралы lsm.kz порталына сілтеме жасап Абай басылымы жазды. Ұлттық банк деректеріне сүйенсек, Қазақстанға несие беріп отырған мемлекеттердің ішінде фирма аралық қарыздар көп екен. Мемлекеттік борыштың 18%-ы Ұлыбританияға, 9 %-ы Қытайға тиесілі. Нидерланды алдындағы Қазақстанның қарызы 2014 жылмен салыстырғанда сәл кеміген. 2014 жылдың осы кезеңіндегі қарыз сомасы 43,58 миллиард доллар болса, 2015 жылдың III-кезеңінде бұл көрсеткіш 43,13 млрд долларды құраған. Алайда, мемлекеттің Ұлыбританияға қарызы өсіп, 10,2 пайызды құрапты. Сондай-ақ, Кайман және Вирджин аралдарына да қарызымыз өскен. Бұл аймақтар офшорлық тізімге енген. С…












