Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Білім мазмұнын жаңарту не үшін қажет?

Қазіргі таңда қоғам талқысына көп түсіп жүрген Білім және Ғылым министрлігінің енгізіп отырған реформалары Қазақстанның қарапайым азаматшасы ретінде мені де бейжай қалдырмады. БАҚ-та, министрліктің сайтында жарияланған барлық ақпараттарды оқып, зерттеп көрген едім. Қызықсаңыз, оқып көріңіз!

Бүгінгі бала - ертеңгі маман, ертеңгі министр, ертеңгі президент! Ақпараттық технологиялар ғасырында бәсекеге қабілетті, ел экономикасына үлес қосып табысқа жетуі үшін, ол еңбек нарығында өзіндік орнын таба білуі тиіс. Қазіргі біздің мектептердегі білім беру жүйесі - барлық оқушыға бірдей бәсекеге қабілетті болатындай білім бере алмауда.

Ал, әлемдік тәжірибелерге сүйене отырып, заман талаптарына сәйкес, күнделікті тұрмыстық проблемалардан да басқа істерге араласуы үшін оқушыларға классикалық білім берумен қатар сыни, жасапмаздық, командалық жұмысқа бейімділік, көшбасшылық, қарым - қатынас жасауға икемділік, білімпаздық, қажырлық, әлеуметтік және мәдени мәселермен әрдайым айналысатын белсенділік сияқты бірнеше қасиеттерді сіңіре білу керек. Осының бәрі, классикалық білім беру мен орта білім беру мазмұнына арнайы зерттелген тәсілдемелер арқылы енгізіліп отыр.

Елімізде 5 жылдан астам уақыт бойы осындай оқу бағдарламалары шеңберінде бірнеше зерттеулер жасалған екен. Бұл зерттеулердің нәтижесінде 30 мектеп апробациядан сәтті өткен. Ал, ең қуаныштысы бұл мектептер қатарында қалалық, ауылдық, шағын жинақтық мектептер де бар.

Жаңа оқыту технологиясы - балалардың, ұстаздардың, ата - аналардың тарапынан жоғары бағаға ие болған. Ал, мұның нәтижесінде, мұғалімдер үшін оқыту барысының жеңілдегенін көруге болады.

Бағалаудың критериалды жүйесі мұғалімге - ақпарды сараптауына, синтездеуіне, оқушыны дұрыс бағалауына, оқушыға - өзінің қабілеттері мен жетістіктерін жете түсінуіне, ата - анаға - баласының қандай да бір проблемалары туралы ақпарат алуына, министрліктің оқу бағдарламаларының қаншалықты тиімді екендігін анықтауына мүмкіндік бермек.

Осылайша, білім беру мазмұнында оқыту және бағалау арасындағы өзара байланыс қамтамасыз етілетіндігіне көзім жетіп отыр! Бұл бастама көптен қолдау тапса, білім беру жүйесінде едеуәір оң өгерістер болары анық.

0
2
1875

Осы тақырып бойынша

Білім мазмұнын жаңарту не үшін қажет? - Yvision.kz