Мазмұнға өту
orazali

orazali

Сайтта 2023 ж. 20 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

103

жазбалар

626

пікірлер

0

тіркелуші

2

жазылымдар

2

Үкімет: әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасы түсіп жатыр

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы төмендеуде. Фото: gov.kz Жыл басынан бері 21 мамырға дейін республикада әлеуметтік маңызы бар өнімдер бағасының өсуі 0,2%-ға дейін баяулады. Өткен аптада көрсеткіш – 0,1% құрады.Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің қазіргі бағасы қатысты жағдай 25 мамыр, сенбі күні Үкіметте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кезекті кеңесте қаралды.Бір апта ішінде қырыққабат бірден 10,4%-ға арзандады, оған Түркістан облысында жаңа өнім алу әсер еткен. Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова атап өткендей, қырыққабатты сатып алуға сауда желілері қосылды, ішкі нарық жаппай толығып жатыр.Күнбағыс майы (-0,6%), қарақұмық жармасы (-0,4%), С1 санатындағы тауық жұмыртқасы (-1,4%) баға…

0
0
297

Алматы облысында жауын-шашынға қарамай тауға шығып кеткен 11 жасөспірім құтқарылды

Тауда басына тас тиіп жараланған бір туристке құтқарушылар көмектесті.

undefined
Құтқарушылар Алматы облысындағы Турист шыңында (3954 м) 11 жасөспірімді іздеп тапты.
Балалар кеше таңертең қар аралас жаңбырға қарамастан тауға шыққан.

Республикалық жедел құтқару жасағының қызметкерлері кинологиялық қызметпен бірлесіп тауға шығып, топтың бес мүшесін тапты. Олардың біріне құлаған тас тиген.

Жарақат алған жасөспірімге дәрігерлерге дейінгі көмек көрсеткеннен кейін құтқарушылар туристерді төмен түсіріп, әрі қарай тексеру үшін медицина және апаттар орталығының мамандарына тапсырды.

Біраз уақыттан кейін құтқарушылар қалған жасөспірімдерді тауып алды.

https://t.me/qr_tjm

0
0
351

Қостанай облысында техника өртеніп кетті

Қостанай облысында өрт сөндірушілер алапат отпен арпалысты.

Аталған облыстың Қамысты ауылында қойма өртенген. Қоймада есептен шығарылған техника болыпты.
Қызыл жалын 300 шаршы метр аумақты шарпыды.
Құтқарушылар өртті сөндірді. Қаза тапқандар жоқ.

Оттың тұтану себебі анықталып жатыр.

0
0
489

Түркістан облысында қар жауды

Жаз жақындағанда еліміздің солтүстігінде ғана емес, оңтүстігінде де қар түсті.

Кеше Шымкентте жойқын дауыл тұрып, нөсер жауын мен бұршақтан көшелер суға батып жатқанда, оған іргелес Түркістан облысында қар жауыпты.

Бұл бейнежазба Қазығұрт ауданындағы Тұрбат ауылының тұсында түсірілген.

"Бүгін - 2024 жылдың 25 мамыры", - дейді видео авторы.

Аталған облыста бүгін жаңбыр жауып, ол да қарға ұласуы мүмкін делініп отыр.

https://t.me/otyrarkz

0
0
311

Алматы облысында тауға шығамыз деп адасқан қыз бен жігіт құтқарылды

Жігіт Украина азаматы екен.

Алматы облысында осы түнде адасып, өздері 112 нөміріне хабарласқан туристерге көмек көрсету үшін құтқарушылар тауға қарай аттанды.

"Ауа райына қарамастан, РЖҚЖ құтқарушылары 88 шақырымнан астам жүріп өтіп, Талғар ауданының Бутаков шатқалына келді. Олар Лесная асуына қарай жаяу көтеріліп, қыз бен украиналық жігітті тапты. Жастарға жылы киім мен шай берілді, содан кейін оларға қауіпсіз жерге түсуге көмектесті", - деп жазады t.me/qr_tjm.
Туристерге медициналық көмек қажет болмаған.

0
0
726

Ақмола облысында жаз жақындағанда қар жауды

Бүгін Ақмола облысында қар жауып, соның салдарынан Астрахан ауданындағы Колутон станциясы мен Новочеркасское ауылы арасындағы автожол жабылды.
"25.05. таңертеңнен бастап ауа-райының нашарлауына байланысты (қар, температураның -3-ке дейін төмендеуі) Республикалық маңызы бар автожол учаскесінде көлік құралдарының барлық түрлері үшін қозғалыс жабық: «Екатеринбург - Алматы» 1080-1140 шақырым (Колутон станциясы - Новочеркасское ауылы)", - делінген https://t.me/qr_tjm хабарламасында.

0
0
776

Белгілі тағамтанушы Төрегелді Шарманов қайтыс болды

Қазақ тағамтану академиясының негізін қалаушы әрі президенті, медицина ғылымдарының докторы, диетолог Төрегелді Шарманов 94 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Фото: kaznmu.edu.kzТөрегелді Шарманов 1930 жылдың 19 қазанында Қарағанды облысының Ұлытау ауданында туған. Қарағанды мемлекеттік медицина институтын және оның аспирантурасын бітірген. 1958-1962 жылдары - Қарағанды облысы Ұлытау ауданында орталық аурухананың бас дәрігері. 1962-1968 жылдары - Қазақстан Денсаулық сақтау министрінің Өлкелік патология ғылыми-зерттеу институтында бөлім меңгерушісі. 1968-1971 жылдары - Ақтөбе медицина институтының ректоры. 1971-1982 жылдары - Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрі. 1973-1984 жылдары және 1988 жылдан КСРО Медицина ҒА-ның Тағам институты Қазақ бөлімшесінің директоры (қазіргі Қазақ тағамтану а…

0
0
530

Елде киік көбейді деген әңгіме қайтадан айтылып жатыр

Фото: azattyq.orgБатыс жақтан "Ойбай, киік қаптады! Шөпті жеп қойды! Малды қайда жаямыз?" деген байбалам тағы шықты! Бетпақта да кезінде киік саны үш миллионға жеткен. Ол кезде қойдың саны қазіргіден 5-6 есе көп еді. Өмірінің жартысына жуығын Бетпақта мал баққан қойшының бірінен "Бетпақтың аз шөбі сол кезде киік пен қойға қалай жеткен?" деп сұрадым. "Ақбөкен шөптің басын ғана үзіп жейді. Ал қой болсе, түбінен жейді. Оның үстіне киік малы шөпті таптап тастайтындай бір жерде жатып жайылмайды. 1-2 сағатта жүріп өтеді. "Қойға шөп қалдырмады" деген сөз өтірік!" деді. Бәсе, киік жыл он екі ай көшіп жүретін мал ғой! Тоқтар Жақаштың жазбасыАйта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 16 сәуірде Қостанай облысына жұмыс сапары барысында киіктің көбеюін тежейтін шешімнің күші жойылатынын мәлім…

0
0
499

Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапурда дәріс оқыды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапурға мемлекеттік сапары барысында «Қазақстан және орта державалардың рөлі: қауіпсіздікті, тұрақтылық пен орнықты дамуды ілгерілету» атты тақырыпта дәріс оқыды. Бұл - 46-шы Сингапур лекциясы. Қазақстан Президенті жаһандық қауіпсіздікті, тұрақтылық пен орнықты дамуды қамтамасыз ету ісіндегі орта державалардың атқаратын рөлі туралы ой-пікірімен бөлісті.1980-жылдардан бері Юсоф Исхак институты (ISEAS) ұйымдастырып келе жатқан Сингапур лекциялары – академиялық топтар, саясаткерлер, дипломаттар мен жас ғалымдар үшін мемлекеттер басшылары мен әлемдік деңгейдегі көрнекті саясаткерлердің ұстанымдарын тікелей тыңдауға мүмкіндік беретін алаң.Қасым-Жомарт Тоқаев шараға қатысушыларға ілтипат білдіре отырып, өзінің өмір жолында Сингапурдың айрықша мәні бар екенін ата…

0
0
425

«Сәлем, 30!» Бүгін – Димаштың туған күні (видео)

Әлемге әйгілі әнші, Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген бүгін 30 жасқа келді.Фото: Іnstagram.com/kudaibergenov.dimashБүгінде Димашты күллі әлем таниды, әндерін сүйіп тыңдайды. Ол арқылы әлем қазақты тани түсті. Ол арқылы қазақтың тіліне ғашық болған шетелдіктер көп қазір.Димаш – әлем әншісі. Соған қарамастан ол өзінің қарапайым қалпын сақтап қалған. Бұл оның тамаша отбасында тәрбиленгенінен екені айдан анық.Ол ең алдымен атасы Құдайберген мен әжесі Миуаздың тәрбиесін көрген. Ол кісілер балалары мен немерелеріне, тіпті күллі қазаққа үлкен өнеге көрсетті. Екеуі де әдемі қартайып, 2018 жылы отау құрғанына 50 жыл толуын дүркіретіп той жасап атап өтті.Өкінішке қарай, Құдайберген Айтбаев былтар жазда 82 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Бірақ көңілге бір демеу нәрсе, ол немересінің о…

0
0
420